Стоковые изображения от Depositphotos
Әбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы білімге келіп тіреледі. Заңғар жазушы М.Ауезовтың сөзімен айтар болсақ, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ.»
Егемендік алған Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден — бір дара жолы — білім жүйесі.
Бүгінгі күні жалпы білім беру саласына қатысты, соның ішінде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту бойынша да жаңа талаптар қойылуда. Жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты, еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Осыған орай, мұғалім мәртебесі де бүгінгі күні жоғарлап, мемлекет тарапынан рухани және заң жүзінде де көңіл бөлінуде.
Патриотизм туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен Қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек» -деген еді. Бүгінде Арқалық халқының 19 пайызын (9700)жастар құрап отырғанын ескерсек, олардың патриотизмі – Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілігі байқатады. Адамның бойындағы күш қуаты мен білімін қоғам игілігі мен мүддесіне жұмсау ана тілін, елдің әдет ғұрыпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриоттық құндылықтарды әр жастың бойына сіңіру біздің міндетіміз. Жастардың пікірінше, патриотизм Отанды сүю сезімімен ғана шектелмейді, сондай ақ, білімге құштарлық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді де қамтитын ауқымды ұғым.
Осы мақсатта Президентіміз Кемелұлы Тоқаевтың жастарға көрсеткен батыл жолы Торғай жастары үшін де үлкен мәртебе.
«Жаңа Қазақстанды» құру идеясын іске асыруда Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің миссиясы «Аймақтағы білімге деген құштарлығы бар барлық түлектерге сапалы әрі қол жетімді білім беру арқылы, кәсіби және тұлғалық жетістіктерге жетуге мүмкіндік беру» болып табылады.
Ал,алдағы бес жылға, жоспарлап отырған стратегиялық даму жоспарымызға сәйкес, бізідің пайымдауымыз: «Жаңа формациядағы педагогтарды даярлайтын еліміздегі үздік заманауи колледждерінің біріне айналу» болып табылады. Осы миссиямызды орындау үшін, әрине,«Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші», оларды ертеңгі күні жұмыспен қамтитын әлеуметтік серіктестеріміздің қосатын үлестері зор.
Президентіміздің алаш қайраткері ағартушы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнайы іс сапармен халықпенен қауышуы, жастармен кездесуі Ұлтына деген құрметі деп бағалаймыз. Ел мүддесін жоғары қойып, тарихымыздың қадір — қасиетін қымбат тұтқан ұлтқа деген жанашырлығын танытқан Президентімізге барша Торғай жастары атынан ризашылығызды білдіреміз.
Нәзипа Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің директоры
Алматова Сандуғаш Орекеновна
По сообщению сайта Костанайские Новости