Популярные темы

Бетховен иелерін іздейді

Дата: 18 июля 2022 в 13:39


Бетховен иелерін іздейді
Стоковые изображения от Depositphotos

Барлығы «Сүйкімді қонжық» атап кеткен 5 айлық Бетховен жаңа отбасын асыға күтеді. «Пушистый ангел» мекемесінде, әрине, далада жүргеннен жақсы. Бірақ, өзін жақсы көретін отбасыда жүргенге не жетсін. Себебі, бұл жақта орын аз, ал өсіп келе жатқан күшік үшін бостандық ауадай қажет-ақ.

«Бұл – Бетховен, біз үшін сүйкімді қонжық. Жақында ғана қақпаның алдында қалдырып кетіпті. Мұнда қарны аш емес. Өзі әлі кішкентай, туғанына 3-4 ай болса керек. Өзі біраз ауырып та тұрған еді. Қазір, Құдайға шүкір, емдеп, жазып алдық. Энтрит деген ауру қиын, әсіресе, күшіктердің тірі қалуы екіталай еді. Соған қарағанда ауруы енді басталып келе жатса керек. Айдалаға қалдырмай, қақпаның алдында қалдырғандары да дұрыс болған деп отырмыз», – дейді зооволонтер Ангелина Буянова.

ВИЗИТКА:

Аты – Бетховен

Жасы – 4-5 айлық

Тұқымы – белгісіз

Мінезі – ашық, ызақор емес, басқа жануарларды жатсынбай, ойнай береді

Тағамы – ет қосылған ботқа, иттердің тамағы

Адамдармен ойнағанды, қарны мен құлағын қасығанды ұнатады

Ерекшелігі – жүні өте нәзік, далада емес, пәтерде асырауға келеді.

Бетховен пәтерде ұстауға қолайлы, денесі аса үлкен емес, болашақта алып төбет болып өспейді. Оның үстіне жүні өте нәзік, сондықтан, аулада немесе үйшікте байлаулы тұрса, жұлынып, түйінделіп, өзіне де, иесіне де қолайсыздық туындатуы мүмкін.

«Балаларға беруге әбден болады, себебі, өзі де жүгіріп, асыр салып ойнағанды емес, ұстап, сипалап ойнатқанды жақсы көреді. Арқасын, ішін, құлағын қасығанды ұнатады. Әсіресе, кең емес, тар жерде солай ойнаған жақсы», – дейді Ангелина Буянова.

Осылайша қонжық өзінің болашақ иелерін асыға күтеді. Ауруларға қарсы екпелер мен стерильдеу мәселесін де солар шешеді.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz

Поделитесь новостью с друзьями