Популярные темы

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Дата: 13 июля 2022 в 12:21


ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Стоковые изображения от Depositphotos
Емтиханға дайындық кезеңі түлектер үшін қиын және кейде көптеген қобалжулармен, стресс жағдайымен байланысты. Сондықтан, осы кезеңдегі түлектерді психологиялық қолдау психоэмоционалды дайындықтың маңызды факторы болып табылады. Емтиханды сәтті тапсырудың тиімді әдістеріне оқушының психологиялық, ақыл-ой дайындығы, сондай-ақ ҰБТ пробный тест тапсыру арқылы білімдерін тұрақты тексеруі жатады. Дайындық кезінде тапсырмалар үлгілеріне назар аударған жөн, Қазақстан тарихы бойынша сынақ тестілерін e-history.kz порталынан таба аласыз. 

Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ өту кезіндегі қателіктер  Өткен жылдардағы ҰБТ нәтижелерін, сондай-ақ онлайн сынақ тестілеуінің қорытындыларын талдай отырып, жиі кездесетін қателердің себептері мен түрлері туралы қорытынды жасауға болады. Сонымен, мына тізбеге қатысты қателіктерді атап өтуге болады:
  тарихи тұлғалардың, мәдени дәуір өкілдерінің қызметін дұрыс анықтамау; тарихи оқиғалардың хронологиясын білмеу; тарихи құбылыстардың себеп байланыстарын түсінбеу;  терминдер, ұғымдар, атаулар, тарихи тұлғалардың есімдерін шатастыру; күндерді, басқа да сандық деректерді, фактілерді шатастыру.  
Шамадан тыс толқу қарапайым қиындықтардың басты себебі және нашар нәтижелердің көрсеткіші болады. Стресске байланысты ойлардың логикалық бағытын бақылауға тырыспаңыз.  Емтиханға қалай тиімді дайындалу керек? Дайындық жүйелі болуы керек, яғни аптасына кемінде 2 қосымша сабақ және 4 сағаттық өзіндік жұмыс болғаны жөн. Әр түрлі ақпарат көздерін біріктіріңіз: сайттар, оқулықтар, бейне сабақтар. Сіз ғасырлар бойынша күндер мен оқиғалардың хронологиялық кестесін жасауыңызға болады, сонымен қатар тарихи және контурлық картамен жұмыс істеуге көңіл бөліңіз. Бұрын білген деректерді бекітіп, жаңа мәліметтерді есте сақтауға тырысу керек. 

Дайындық кезінде оқиғаларды меңгеру үшін ассоциативті әдісті қолданыңыз. Сондай-ақ, тарихи тұлғалар туралы білімді жүйелендіру және салыстыру арқылы сандық деректерді зерттеуге көп көңіл бөлу маңызды. Оқиғалардың тарихи құндылығы туралы қысқаша эссе жазуды үйреніңіз, сонымен қатар «әлсіз» тақырыптарды анықтап, білім жетіспеушілігін толтыруға онлайн-сынақтарды пайдалануыңызға болады. Осылайша, Қазақстан тарихын зерделеу біртұтас, дәйекті және жүйелі болуға тиіс.   

По сообщению сайта Костанайские Новости

Поделитесь новостью с друзьями