Популярные темы

Семейлік оқушылар өлке тарихын зерттейді

Дата: 21 июня 2022 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік оқушылар өлке тарихын зерттейді
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы дәстүрлі желілік «Туған елге тағзым» танымдық-өлкетану экспедициясына қатысу үшін бас қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апта бойы қаламыз бен облысымыздағы түрлі тарихи-мәдени орындарды аралап, оның тарихын, географиялық, биологиялық ерекшеліктерін зерттейтін шәкірттеріміз ғылымға тың жаңалықтар енгізуді көздейді.

«Бұл жоба көпшілікке жақсы таныс. Оқушыларымыз да экспедицияның басталуын асыға күтеді. Жоба жас зерттеушілердің дүниетанымын кеңейтіп, зерттеушілік дағдысын дамытады. Жыл бойы білім, тәрбие, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін биылғы жобаға «Ертіс» шаңырағының шәкірттері қатысуда. Жас зерттеушілер бір апта ішінде қаламыздағы мұражайларды, тарихи ескерткіштерді аралап, дана Абай атамыздың туған жеріне сапар шегеді. Бұдан өзге де танымдық түрлі шаралар жоспарланып отыр», − дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова.

Семейдің экологиялық-санитарлық жағдайы да назардан тыс қалмайды. Өйткені, оқушылар жоба аясында қаланың ауасы, қоқыс мәселелеріне ерекше ден қойып, Ертіс өзенінің қазіргі хал-ахуалы жайлы зерттеу жүргізбек.

«Экспедиция мүшесі болғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін қала, өңір жайлытың деректермен танысуыма үлкен мүмкіндік береді. Біз жоба аясында зерттеу жүргізіп қана қоймаймыз, әр зерттеу бағыты бойынша тиісті мамандар, ғалымдармен жүздесіп пікір алмасамыз. Осының өзі біздің ізденіс жұмысымызға жаңа серпін береді», − дейді 7 сынып оқушысы Бақтияр Қадышев.

Апта соңына қарай экспедиция нәтижесін оқушылар TEDx форматындағы конференцияда талқылайтын болады.

Фото: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями