Популярные темы

Белсенді Руна дәл өзі секілді отбасын күтеді

Дата: 16 июня 2022 в 11:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Белсенді Руна дәл өзі секілді отбасын күтеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Оның жасы қазір 8 айға жуықтады, деп хабарлайды vera.kz

Туғанына жарты жылдан енді асса да денесі ірі әрі ойынға құмар Руна өзі секілді белсенді иелерін асыға күтеді. Иесіз жануарларға арналған орынға сыймай жүрген Рунаға аумағы ат шаптырым аула қажет, иесімен асыр салып ойнағанды, түрлі жаттығуларды үйренгенді жақсы көреді. Жалпы, ойынға әуес бұл жануар табиғат аясында да, қала көшелерінде де серуендегенге таптырмас серік дейді еріктілер.

«Мүмкін болса, өсіп қалған балалары бар, жиі серуендеп тұратын отбасын іздестіреміз. Әлі кіштентай болғандықтан, көп жаттығуды тез үйреніп кетеді. Түрлі ауруларға қарсы егілген, енді стерильдеу керек. Өзі өте белсенді, ары-бері шапқылап жүгіргенді ұнатады, сондықтан, кең далада алып жүргенді жақсы көреді деп сенеміз. Болашақ иесінің Рунаны осылай қуантатынына сенімдіміз», – дейді зооволонтер Эмилия Ускенова.

ВИЗИТКА: Руна

Жасы – 7-8 ай

Аула күзетшісі

Мінезі – жайдары, ерке, ойнағанды жақсы көреді, басқа жануарлармен еркін сыйысып кетеді

Тағам таңдамайды (ет қосылған ботқа, сорпа, көкөніс, тіпті, алманы да жей береді)

Жүгіргенді, ойнағанды, жаңа адамдармен танысқанды жақсы көреді

Ерекшелігі – денесі ірі болғандықтан, назарда ұстап, бұйрықтарға үйрету керек

» Адамның өзін алып жүгіргенін жақсы көреді. Егер шамалы уақыт бөлсе, бұйрықтарға үйретсе, Рунаны жіпсіз-ақ алып жүруге болады деп ойлаймын. Тауға да, табиғат аясындағы саяхатқа да алып шыққанға жақсы. Жеткіншек ұл-қыздары бар, өздері белсенді отбасы болса, таптырмас серік болар еді», – дейді Эмилия Ускенова.

Еріктілер Рунаны оңай үйретілетін, мінезі жақсы ит деп сипаттайды. Үйдегі заттарды бүлдірмейді, адамның үстіне секірмейді. Мұндайды ұнатпайтындар көп қой, әрине. Қазірдің өзінде жіппен серуендеуге үйретілген, тамағын салып бергенше шыдап, күтіп отырады. Дәл қазір – итті асырап алып, үйретуге қолайлы кезең. Сонда жақсы дос пен сенімді қорғаушы бола алады.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями