Стоковые изображения от Depositphotos
Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей гарнизонында әскери қызметшілердің балаларына арнап, «Балалар біздің қарауымызда» атты жазғы демалыс кезіндегі жазатайым жағдайлардың алдын-алу сабағын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шараны өткізуге жол-патрульдік қызметі, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және әскери госпиталдің медицина қызметкерлері шақырылды.
Ұл-қыздарға жолда жүру ережелері мен өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы айтылды. Іс жүзінде көшені кесіп өту тәртібі, суға батып бара жатқан адамды құтқару, өрт сөндіргіштерді қолдану арқылы өртті сөндіру бойынша түрлі іс-шаралар пысықталды.
«Өскелең ұрпақтың арасында жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектескені үшін полиция департаменті, төтенше жағдайлар басқармасы өкілдеріне және медицина қызметкерлеріне алғыс айтамыз», – дейді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс істеу қызметінің нұсқаушысы Ақмарал Ахметжанова.
Шара соңында балаларға арналған викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Сабаққа қатысқан балалардың бәріне тәтті сыйлықтар үлестіріліп, аулада би билеп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Фото: href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей гарнизонының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press