Популярные темы

Абай облысының әкімі тағайындалды

Дата: 11 июня 2022 в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының әкімі тағайындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін, 11 маусымда, жаңадан құрылған Абай облысының әкімі тағайындалды.

5 маусымдағы рефрендумнан кейін қабылданған ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Мемлекет басшысы Абай облысы әкімі лауазымына жергілікті мәслихаттардың қарауына Смаилов Асхат Сайдахметұлы мен Ұранхаев Нұрлан Телманұлының кандидатураларын ұсынды.

Айта кету керек, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, Республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының әкімдерді келісуі іс жүзінде алғаш рет жаңадан құрылған үш өңірде – Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында өткізілді. Бұл конституциялық түзетулерге енгізілген тетіктерді іс жүзінде тексеруге жақсы мүмкіндік.

Мемлекет басшысы атынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Мұрат Нұртілеу қатысты.

Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына 114 депутат қатысты.

Жиналыста кандидаттар Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын ұсынды. Мысал ретінде, кандидаттардың бағдарламалары жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіру, облыстың ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі әлеуетін пайдалану сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, Семей қаласында инженерлік инфрақұрылым мен коммуникация, жылу жүйесіне баса назар аудару керек екені атап өтілді.

Дауыс беру нәтижесінде 89 мәслихат депутаттары Ұранхаев Нұрлан Телманұлының кандидатурасын қолдады.

Ұранхаев Нұрлан Телманұлы – 57 жаста, Семей қалысында дүниеге келді.

Еңбек жолын өндірістегі слесарь-монтаждаушыдан бастаған. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармаларының басшысы, ШҚО, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ретінде қызметтерді атқарды. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Фото: Семей қаласының әкімдігі

Подписывайтесь на Telegram-канал Arnapress.kz t.me/arnapressnews 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями