Популярные темы

«Тыңдарманы пәтер сыйлаған». Zhuldyz LIVE жобасында Melomen тобы 02 июня 2022, 13:21

Дата: 02 июня 2022 в 13:23



Стоковые изображения от Depositphotos

«Жұлдыз» радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Melomen тобы қонақта болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы да танымал топ мүшелері бір сағат бойы жанды дауыста әндерін айтып, сұхбат берді. Құрылғанына он үш жыл болған Melomen тобы сұхбат барысында қызық оқиғаларын бөлісіп, алдағы жоспарларын да айтты.

Сұхбат барысында топ мүшелері кейінгі жағдайларға байланысты сахнадағы әріптестеріне үндеу жасады.

«Қазір халық Instagram болсын, TikTok болсын, әлеуметтік желінің барлығын көреді. Балағат сөз, белден төмен әңгімені әнге қосып, сахнаға алып шығып жатқандар бар. Біз қалай қазақ боламыз, қазақ тілімізді қалай дамытамыз деп шырылдап жүргенімізде олардың қосып жатқан үлестері осы болып отыр. Бірер күн бұрын ғана Алматыда қандай жағдай болғанын бәрі біледі. Олардың сахнадағы іс-әрекеті былай тұрсын, көк туымызды аяққа таптау деген мүлдем кешірілмейтін дүние. Сахнадағы әріптестерімді, әсіресе жастарды өз-өзін сыйлауға шақырамын», — деді Melomen тобының мүшесі Ролан Қазретов.

Топ мүшесі Ролан студент кезіндегі қызық оқиғаны айтып берді.

«Талдықорғанда кафеде жұмыс істеймін. Ересек, студент кез. Тойда мас біреу, жынды деген сары карточкасы бар екен. Сомен ерегесіп тұрған едім, байқаған жоқпын. Сөйтсем, ұрып қалды, қасым жарылып кетті. Екеуміз біраз жерге бардық. Кейін кешірім сұрап, ақыр аяғы солай болды», — деді Ролан Қазретов.

Melomen тобы бес жыл бұрын тыңдарманы пәтер сыйлағанын айтты. 

«Бес жыл бұрын демеуші болып жүрген бір ағамыз пәтер сыйлады. Өнерімізді жақсы көреді, құрметтейді. «Қазақтың жігіттері өссе екен, дамыса екен» деген ниетпен сыйлаған еді. Аты-жөнімді жарияламай-ақ қояйықшы деген соң сол күйі айтылмай қалды», — деді Ролан Қазретов.

Жобаның үшінші шығарылымының қонағы 2RAR болады. Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында Ғаділбек Жаңай қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

1 маусымдағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Поделитесь новостью с друзьями