Популярные темы

Туды қорлаған Shiza музыка фестиваліне қатыстырылмайтын болды 28 мая 2022, 17:21

Дата: 28 мая 2022 в 17:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Туды қорлаған Shiza музыка фестиваліне қатыстырылмайтын болды
                28 мая 2022, 17:21
Стоковые изображения от Depositphotos

Shiza лақапатымен танылған өнерпаз Асхат Долшиев BEU Fest жаңа қазақстандық музыка фестиваліне қатыстырылмайтын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы фестиваль өкілдері Instagram желісінде жариялады.

«Құрметті достар! Кейінгі оқиғаларға байланысты Shiza BEU Fest-ке қатыспайтынын хабарлауға мәжбүрміз. Біз отандық музыканттарды белсенді қолдаймыз, бірақ назар аудармай өтуге болмайтын жағдайлар бар. (...) 11 маусымда кездескенше!» — делінген фестиваль хабарламасында.

BEU Fest — жаңа қазақстандық музыка фестивалі. Биыл фестиваль Алматыда 11 маусымда өтеді. Оған «Ирина Кайратовна» тобы, Ninety One, Молданазар, The Limba, Раим, Kalifarniya, Jeltoksan, Darkhan Juzz сынды өнерпаздар қатысады деп жоспарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями