Популярные темы

«Кім өмір сүріп, кім өлетінін G7 шешеді». Желіде адам сенгісіз фейктер тарады 18 мая 2022, 19:34

Дата: 18 мая 2022 в 19:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Қазір Желіде халық арасында түрлі фейк тарап жатыр. Оның ішінде коронавирустан бөлек, Конституциядағы өзгерістерге де қатысты жалған ақпарат бар. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі кезде Желіде тараған фейктерді жинады.

«Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін халықтың жеке меншігін мемлекет басқарады» фейк

Қазақстандық Telegram-чаттарда қатысушылары референдумда Конституцияға түзетулер қабылданған жағдайда халықтың жеке меншігін депутаттар мен мемлекет өкілдері басқарады деп жазЫп жатыр

Қазақстанда биыл 5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ел азаматтары ҚР Конституциясына түзетулерді қабылдауды жақтап немесе қарсы дауыс бере алады.

Жалпы түзетулер саны 35. Олардың ешқайсы азаматтардың жеке меншігін жоюға немесе оны мемлекетке беруге қатысты емес.

Әділет министрлігінің хабарына қарағанда, бұл азаматтардың жеке меншігі мемлекетке беріледі дегеннің белгісі емес.

«Конституцияның 6-бабының 3-тармағына ұсынылып отырған түзету жеке меншіктегі жерге, малға және жеке өзі өсірілген екпелерге қатысты қолданылмайды. Түзетуге сәйкес жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екенін белгілеу ұсынылады, қазіргі уақытта Конституцияда олардың мемлекеттік меншікте екені белгіленген. Бұл ретте мемлекет халық атынан меншік құқығын жүзеге асыратынын нақтылау ұсынылып отыр. Демек, мемлекет меншік құқығын тек халыққа тиесілі және жеке меншік объектілері болып табылмайтын жерге, оның жер қойнауына, суларына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және басқа да табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асыратын болады. Жерге жеке меншік құқығына кепілдік беретін Конституция нормасы өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн (Конституцияның 6-бабы 3-тармағының екінші бөлігі)», деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, олар соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайтынын атап өтті. Заңда көзделген ерекше жағдайларда мемлекет қажеттілігі үшін мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару оның құны тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін (Конституцияның 26-бабының 3-т.).

Материалдың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями