Популярные темы

Қазақта бала өмірге келгеннен бастап айтылатын бата беру әдебі қандай болған? 04 февраля 2022, 12:21

Дата: 04 февраля 2022 в 12:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақта бала өмірге келгеннен бастап айтылатын бата беру әдебі қандай болған?
                04 февраля 2022, 12:21
Стоковые изображения от Depositphotos

Бата — қазақ халқында ежелден келе жатқан ғұрыптың бірі. Әдетте бата жиын-тойда, қуаныштарда, кішігі ізет, үлкенге құрмет ретінде қандай да бір жақсылық жасаған кезде айтылады. Этнограф, жазушы Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне батаның мән-мағынасы, бата беру әдебі жайлы түсіндірді.  

Этнографтың сөзінше, адам үшін ең үлкен мерей — үлкендерден бата алып, елдің, халықтың алғысына, құрметіне бөлену. Қазақта батаны жеткізетін шешендік сөздің сан алуан түрі бар.

«Мысалы қазақ халқы «ас адамның арқауы», «астан ешкім үлкен емес» деп заттық игіліктің адам өміріңдегі шешуші мәнін дұрыс танып, астың алды-артында жақсы тілек, игі ниеттерін білдіретін болған:

Дастарқаннан ас кетпесін,

Бастарыңнан бақ кетпесін,

Кетпес ырыс, кең пейіл берсін.

Балаларың көп болсын!

Бақыттары баянды болсын!, — деп келетін қазақтың бата-тілегі сонау ескі дәуірден бүгінге дейін құнын жоймай келе жатқан, халықтың үміті мен келешекке сенімін білдіретін жарқын ниет, игі тілектерінің куәсі», — дейді Болат Бопайұлы.

Оның айтуынша, үлкеннің батасын алуды қазақ жоғары бағалаған. Әрі арлы, арайлы алғыс сөздерінің жігерлендіру, дем беру, рухтандыру күш-қуатына кәміл сенген.

«Бата, тілек, алғыс кейде жеке адамға арналса, кейде тұтас отбасына, онда қонақ болып отырған жалпы жамағатқа арнайы айтылады. Аспан астындағы, жер үстіндегі бар жамандықтан, жадылықтан сақтау, жақсылыққа бастау батасы беріледі. (..) Бата сөзі көбінесе дастархан басында, ас-тұзға, дәм-тағамға, шаңыраққа немесе ақсарбас қой, көк қасқа тайға, той-томалаққа қарата айтылады. Кейде тұтас ауылға, не қонақ өзі қонып отырған отбасы мүшелеріне қарата береді», — дейді маман. 

Этнографтың айтуынша, халықтың бата, тілек сөздерінде алдымен жас ұрпақтың зерделі, келісті болуын тілейді.

«Жерін, елін қорғауға дайын тас түлек болып ер жетуін қалайды. Нәресте дүниеге келгеңде, оған ат қойғанда, ұлы үйленгеңде, қызын ұзатқанда, жолға, аңға, қан майданға аттанғанда, не қиын алыс сапарға шыққанда, ас келгенде, ас қайырғанда, мал сойғанда, бие байлағанда, көші-қонда, ұлыстың ұлы күніңде, қаралы не қуанышты шақтарда, жақсы іс бастағаңда, үлкен сый-құрмет көрсеткенде, басқа да жағдайлардың бөрінде ақ бата береді», — дейді этнограф. 

Ал тұрмыста балаға қатысты қандай қимыл-қылық болса, соның бәріне арналған ақ бата, ізгі тілек бар. Балаларын әдетті, имаңды, ақылды өсіруге дағдыланған халық оларға жаңа киім кигізгенде баталы жырмен тілек білдіреді.

«Баласы атқа шапса, үйдегі анасы тақымын қысып отырады» демекші баланың алғаш атқа мінуі ата-анаға шексіз қуаныш, зор бақыт, үлкен мерей саналады. «Ат мінді, азамат болды» деп мақтанып, төбесі көкке жетіп қуанып, қарық болады да қалады. Осы сәтте де ағынан жарылып, атқа қонған баласына ақ батасын ақтарады. 

Бала денсаулығына ерекше көңіл бөлетін қазақ баланы сүндетке отырғызу ғана емес, қайта оның физиологиялық жақтан да ақаусыз есейіп, ер жетуіне, тазалыққа мән беріп, қалыпты тұрмыс өткізуіне мүмкіндік тудырып отырады. Нәресте қырқынан шыққанға дейінгі қырық күн тұздық суға түсіріп, ширатып өсіреді. Қол-аяғын майлап, созғылап, сылап, денесінің түзу өсуіне кепілдік етеді. Қазақ баланы мұндай мәпелеп өсіруді ананың бала бағудағы парызы ретінде таниды. Қазекеңнің жыршы да әнші, ақын әйелдері баланы «әуайлап» суға шомылдыруының өзінде таң нұрындай таза, балғын да, балауса әдемі бата жатады», — деп түсіндірді этнограф.

Болат Бопайұлы қазақ осындай баталы сөз, ыстық ықылас, тіпті бар құдіретін ұрпақ зердесіне ұялатып өсіретінін айтады. Ұрпақтарды еңбек сүюге, адамгершілік ізгі ниетке, әділетке баулып отырған.

«Тұрмыс құрып, отау иесі болғаннан кейін де олардың отауының бай-бақытты тұрмыс өткізуін, тату-тәтті, бақытты жұбай болуын тілеп, «отау» баталарын да беріп отырған. Баталар жас отаудағы жас жұбайларға қарата айтылып, олардың құтты мешін, бақытты отауларына арналады. Мұны естіген жас жұбайлар қуанып қана қалмай, терең эстетикалық әсер, моральдық тәрбие алады. Отбасы болудың, өз алдына өмір сүрудің тамаша жолын үй — ренеді. Сөйтіп, бақтары жанған жас жұбайлар бірінің қадіріне бірі жетіп, ынтымағы жарасқан жарқын отау, әдемі отбасы болуға тырысады. Мұндай ізгі әсердің тууына себеп болған құдіретті күш осынау бата сөздерінің қасиетінде жатыр», — дейді этнограф. 

Болат Бопайұлының сөзінше, бата сөздері елді мақтап, есірту үшін айтылмайды. Қайта тәрбиелік мән, үміткерлік рухқа баулу негізінде айтылады.

«Сөзге шешен, дуалы ауызды, алғыр ойлы, тапқыр, талғамды, дарынды да білімді адамдар сәті түскен жерде ыңғайына қарай бата беріп отырады», — дейді маман. 

Қазақ үйіне келген құдайы қонақтан да бата алған. 

«Бата сұрау да, бата беру де қазақ салтында, қонақ жолында занды да орыңды әдет-ғұрып. Бата сан үйде, сан дастарқанда, сан адамға қайталанып айтылып, талай отбасы, талай адамның мерейін өсіріп, өмірге жігерлендіріп келе жатқан ақ ниеттен туған жүрек жарды сөздер, достық-қайырымдылықтың куәсі. Қонаққа жайсыз, қу үйлердің қонақ күтуге сараң қылығын батагөй бабаларымыз бен дуалы ауызды шешендеріміз әзіл-оспақпен мінеп-шенеп, оларды меймандостыққа баулиды», — дейді Болат Бопайұлы. 

Бата жақсы адамдарға да, жаман адамдарға да арнайы айтылады. Бата жаман мінезді адамдарға берілгенде, кері мағынада айтылады. Бата көбінде емен-жарқын ашық айтылса да, кей тұстарда жасырын, астарлай айтылатын кездері де көбірек ұшырайды екен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями