Популярные темы

Алматы электр қуатынсыз қалды: бағдаршамдар істен шықты 25 января 2022, 13:18

Дата: 25 января 2022 в 13:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматы электр қуатынсыз қалды: бағдаршамдар істен шықты
                25 января 2022, 13:18
Стоковые изображения от Depositphotos

25 қаңтарда Алматыда және Қазақстанның бірқатар өңірінде жарық сөнді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде алматылықтар және бірқатар өңір тұрғындары электр жарығы жоқ екенін жазып жатыр.

Жарық жоқтығынан бағдаршамдар жұмыс істемей, көлік қозғалысы нашарлаған. Жолдарда тәртіп сақшылары байқалмайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Интернетке қосылу да нашарлағанын жазып жатыр.

Сурет: Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Алматының бірқатар ауданында электр жарығы жоқ. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының тұрғындары да электр қуаты жоғын айтып жатыр.

БАҚ Ташкентте және Өзбекстанның көптеген облысында электр қуаты жоқ екенін хабарлады — Бішкек, Ош және Ыстықкөл облысы жарықсыз қалған.

Энергетика министрлігі мәліметінше, мамандар ақауларды жою бойынша жұмыс істеп жатыр. Жағдай туралы қосымша ақпарат беріледі.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями