Популярные темы

8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы полиция есебінде тұр — ІІМ

Дата: 20 ноября 2020 в 12:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы полиция есебінде тұр - ІІМ

Қазір елімізде полиция есебінде 12 мың баланы тәрбиелеп отырған 8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы тұр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір полиция есебінде 12 мың баланы тәрбиелеп отырған 8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы тұр. Жыл басынан бері 4,5 мыңнан аса ата-ана балалар тәрбиесіне қатысты міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Балаларға аяусыздық танытқан 27 дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды», — деді Оспанов Білім және ғылым министрлігінің дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырған брифингінде.

ІІМ өкілі Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс азайғанын айтты.

«Мемлекеттік органдар балалар құқығын қорғау саласында бірқатар маңызды шара қабылдады, айтарлықтай оң нәтижелер бар. Соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 44 пайыз, биыл 11 пайыз азайды. Әрбір қылмысқа қатысты оның неліктен жасалғанын анықтау үшін тексеріс жүргізіледі. Көп жағдайда мұндай қылмыстарға — отбасылық мәселелер, ата-аналардың өмір сүрудегі әлеуметтік образы, алкоголизм, наркомания, жұмыссыздық, отбасының тұрмыстық жағдайының тұрақсыздығы, сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс реттемеуі себеп болады. Полиция осылардың бәрін ескеріп, тұрмысы нашар отбасылардың болмауы үшін алдын алу шараларын атқарады», — деді ол.

Сондай-ақ спикер соңғы жылдары балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуде үлесін қосқан бірқатар заң нормасы қабылданғанын атап өтті. 

Еске салайық, бүгін БҒМ Дүниежүзілік балалар күніне орай «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында онлайн-брифинг ұйымдастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда «ВКонтакте» желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями