Популярные темы

«Дәрілерге, БАД-тарға көп ақша жұмсамаңыздар». Маман иммунитетті қалай көтеруге болатынын айтты

Дата: 17 сентября 2020 в 14:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман тұрғындарға иммунитетті қалай көтеруге болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Коронавирус және тағы басқа инфекциялардан сақтану үшін дұрыс тамақтану керек. Әсіресе, көкөністер мен жеміс-жидектерді көп жеу қажет. Қазір күз мезгілі. Сондықтан жеміс-жидектер пен көкөністерді, алма мен жүзімді көбірек сатып алыңыздар. Жүзімнің құрамында антиоксидант бар. Ол өкпені дерттен қорғайды. Сондай-ақ, қыс болған кезде кептірілген немесе тоңазытылған жемістерді жеу адамның азғасы үшін өте пайдалы. Ол түрлі инфекциялардан қорғайды», — деді маман өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Алмаз Шарман D витаминін алу да маңызды екенін жеткізді.

«Қазір күн шуақты болып тұр. Күн астында жиі жүріңіздер. Оның сәулесінен D витаминін аласыздар. Дұрыс ұйықтау да маңызды. Ол иммунитетті көтереді. Стреске түспеу жағын ойлаңыздар. Ол иммунитетті төмендеді. Медицина қызметкерлері арасында «өкпе ауруы — жаны жараланған адамдардың дерті» деген сөз бар. Сондықтан жағымсыз хабарларға көп мән бермеуге тырысыңыздар. Мен адамзат баласы коронавирус пандемиясын жеңеді деген үміттемін», — деді ол.

Сонымен қатар, маман тұмау маусымы басталған дейін иммунитетті көтеріп үлгеруге кеңес берді.

«Күз, қыз мезгіліне дайындалуға уақытымыз бар. Иммунитетті көтеремін деп түрлі дәрілерге, БАД-тарға көп ақша жұмсамаңыздар. Оның орнына жеміс-жидектер мен көкөністерді өзіңіз бақшада өсіріңіз немесе оларды сатып алыңыз», — деді Алмаз Шарман.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями