Популярные темы

Елімізде сайлау туралы заңға маңызды өзгеріс енгізілді

Дата: 22 апреля 2020 в 11:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елімізде сайлау туралы заңға маңызды өзгеріс енгізілді

Мәжілісте партияны тіркеу үшін қажет мүшелер саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Сайлау туралы» конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

«Сайлау туралы» конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасымен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылады», — деді Бекетаев.

Министрдің пікірінше, заңға енгізілген бұл өзгеріс әйелдер мен жастардың белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Заң жобасы депутаттар арысында қызу талқыға түсіп мақұлданды.

Осы орайда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл заңның маңызды тұсын атап өтті.

«Еліміздің саяси бағытын жаңғырту жолында тағы бір нақты қадам жасалды. Бүгінгі мақұлданған заң жобасы аясында партияны тіркеу үшін қажет мүшелер саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін қысқарады. Сонымен қатар партиялардың сайлау тізімінде әйелдер және жастар үшін 30 пайыз міндетті квота қаралады. Осының барлығы еліміздің саяси-қоғамдық өмірі үшін маңызды өзгеріс болып саналады», — деді ол.

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями