Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Дата: 21 января 2020 в 12:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Құрметті қала тұрғындары!

2019 жылдың қорытындысы бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмыстары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевың 2018 жылғы 5 қазандағы және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Жолдауларын, Мемлекеттік бағдарламаларды, жоғарғы органдарының қаулыларын, Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмаларын, облыс және қала мәслихаттарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталып, өткізілген барлық шаралар қаланың 150 жылдық мерейтойына арналып өткізілген болатын.

Ақтөбе қаласы — 150 жылдық тарихы бар, қарқынды дамып келе жатқан облыс орталығы, 2019 жылы халық саны 500,0 мың адамға жетті.

Өткен жылғы есептік кездесулердің қорытындысы бойынша өзекті мәселелер іс-шаралар жоспарына 11 шара енгізіліп, оның 5-еуі шешілді, 6-уы шешілу сатысында. Шешілу сатысындағы Ақшат тұрғын алабына су жүргізу, өзендер арналарын тереңдету және кеңейту, Жаңақоныс-2,3 тұрғын алаптарына инженерлік желілер тарту, қала аумағында ардагерлер аллеясын салу және «Космос» қонақүй кешенін салу жұмыстары 2020 жылы аяқталатын болады.

ЭКОНОМИКА

2019 жылы бюджеттің кіріс бөлігі 41,4 млрд теңгені құрады немесе 100,3%-ға орындалды.

Бюджеттік шығыстар бойынша республикалық, облыстық және қалалық бюджеттердегі 79,6 млрд теңге көлеміндегі аударымдар 99,5% игерілді.

2019 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 572,3 млрд теңгені құрады немесе 98,8% орындалды.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 200,7 млрд теңгені құрап, 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда 110,3% артты. Бұл көрсеткішке қаланың 90 негізгі кәсіпорны мен ұйымдарының инвестициялық салымдары арқылы  қол жеткізілді.

2019 жылғы жалпы құны 25,2 млрд теңге құрайтын 38 жаңа жоба іске қосылып, 1700 жұмыс орындары ашылды.

Ірі жобалар ішінен жобалық құны 3,0 млрд теңге болатын «Фотон» ЖШС-ның ұяшықты бетон өндіру зауыты жаңғыртылды, құны 1,7 млрд теңге болатын «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ-ның  пигмент хром оксидін өндіру цехы, жобалық құны 3,2 млрд теңге  болатын «Фаэтон компаниясы» ЖШС «А» дәрежелі логистика орталығы, 7,1 млрд теңге болатын «Грин Капитал Казахстан» ЖШС жылыжай кешені құрылысының 1-кезеңі іске қосылды.

Ақтөбе облысы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 7 негізгі бағыт бойынша атқарылатын шаралар белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде.

Жоспар: 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін кемінде 637,6 млрд теңгеге жеткізіп, өсу қарқынын 102,0%-ға арттыру міндеті тұр. Ол үшін жалпы құны 102,0 млрд теңге болатын, жаңа 3200 жұмыс орнын ашатын 76 ірі жобаны жүзеге асыруымыз қажет. Оның ішінде: жобалық құны 7,0 млрд теңге болатын «Көктас Ақтөбе» АҚ силикат кірпіш өндіру зауыты, құны 9,2 млрд теңге болатын «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС-ның керамикалық бұйымдар өндіру зауыты, құны 1,5 млрд теңге болатын «Kazakhstan Resourses Group» ЖШС-ның темірбетон бұйымдар өндіру зауыты, жобалық құны 2,0 млрд теңге болатын «Техноскаут» ЖШС ірітілмелі пакеттер өндіру зауытының құрылысын аяқтап, іске қосуымыз қажет.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді шараларының нәтижесінде кәсіпкерлік саласы дамып келеді.

2019 жылғы бөлшек сауда көлемі 615,3 млрд теңгені құрап, 101,2%-ға орындалды. Көтерме сауда тауар айналымы 7,5% өсіп, 991,2 млрд теңге құрады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ субъектілері 770 млрд теңгенің өнімін шығарды, НКИ-102,0% құрады.

Жаңадан 2240 бірлік ШОБ субъектілері тіркеліп, жалпы саны 48,3 мың бірлікті құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,1%-ға өсті. Оның ішінде: жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 39,6 мың бірлікке жеткізіліп, 109,2%-ға өсті. Осы салада жұмыс істейтін ақтөбеліктердің саны 106,3 мың адамға жетті.

2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 11,3 млрд теңгеге 241-ден (128) астам жобаға қолдау көрсетіліп немесе 188,3% орындалды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 4,5 млрд теңге көлемінде 20 жоба мақұлданды.

ШОБ субъектілеріне аукцион арқылы кәсіпкерлік мақсатқа 291,4 млрд теңге жалпы аумағы 123,4 га болатын 105 жер учаскесі сатылды.

Жоспар: 2020 жылы кемінде жаңа 2300 бірлік ШОБ субъектілері ашылуына ықпал ету. Кемінде 200-ден астам кәсіпкерді кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатыстырып, қолдау көрсету (несие, субсидия және т.б.) қажет.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 25,4 млрд теңге көлемінде 25 жобаны қаржыландыру жоспарланды.

Сонымен қатар «Рамазан» ЖШС-ның жобалық құны 12,0 млрд теңге құрайтын 2,6 мың сауда орнына арналған көтерме-үйлестіру орталығының құрылысын жүргізу жоспарланды. Жоба жүзеге асырылған жағдайда 5,0 мың адам жұмыспен қамтылатын болады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Жылдың қорытындысы бойынша 30,2 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 6,1%-ға өсті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 16,1 млрд теңге  — 108,3%, мал шаруашылығы 14,1 млрд теңге — 103,8% құрады.

Жыл ішінде 5,2 млрд теңге болатын 13 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы егіс жұмыстары 22,6 мың гектарға жүргізіліп, 110,1%-ға орындалды. Суармалы жерлер көлемі ұлғайтылып, ауданы 6016 гектарға жетті. Дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 7,8 ц, картоп 200,9 ц, көкөністер 224,4 ц және бақша дақылдары 113,1 ц құрады.

2019 жылы жылыжайлар өнімі 11,0 мың тонна құрап, 137,0%-ға орындалды.

Жылдың қорытындысы бойынша ірі қара — 11,6 мың бас, қой мен ешкі — 21,8 мың бас, шошқа —  700 бас, жылқы —  4,1 мың бас, түйе — 180 бас және құс — 855,7 мың басты құрады.

Ет өндіру 108,2,%-ға (7,6 мың тонна), сүт – 100,0%-ға (25,1 мың тонна), тауық жұмыртқасы — 102,8%-ға (180,0 млн дана) орындалды.

Жоспар:

2020 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен жаңа 2876 га суармалы жер көлемін іске қосып, жалпы суармалы жер көлемін 47,8%-ға арттыруымыз қажет. Сонымен қатар жалпы құны 6,5 млрд теңге болатын 15 жобаны жүзеге асыруымыз қажет. Оның ішінде: жобалық құны 4,5 млрд теңге болатын «Грин Капитал Қазақстан» ЖШС-ның екінші кезеңдегі 5 га жылыжай кешенін, 1,2 млрд теңге болатын «Мұрагер-22» ЖШС-ның балық өсіру зауытын, 340,0 млн теңге болатын «Амир Агро» ЖШС-ның 2 га жылыжай кешенін және құны 70,0 млн теңге болатын «АгроФирмаРей» ЖШС-ның 2000 ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосуымыз керек.

Нәтижесінде 2020 жылы кемінде 32,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, нақты көлем индексін 105,0%-дан түсірмеу қажет.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 70,7 млрд теңгеге, яғни 88,7%-ға орындалып отыр, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 328,4 млн теңгеге төмен.

Барлық меншік есебінен 778445 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 111,5% орындалды. Оның ішінде: бюджет есебінен 88229 шаршы метр, жеке қаражат есебінен 168440 шаршы метр және ЖТҚ  үшін 531776 шаршы метр.

Бюджет есебінен төрт 9 қабатты және 16 аз қабатты тұрғын үйлер салынса, жеке қаражат есебінен 24 көп қабатты үй салынды.

Бүгінгі күні мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінде 23756  отбасы тұр. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қала тұрғындары пәтерді «7-20-25», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы алуда.

Жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1405 пәтер, «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 485 пәтер, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 797 пәтер пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алу кезегінде 143,5 мыңнан астам адам кезекте тұр. Инженерлік желілердің болмауына байланысты жер учаскелерін беру тоқтатылды. Өткен жылы барлығы 116 жер учаскесі берілді.

Ақтөбе қаласы аумағында пайдаланудағы 326 бау-бақша ұжымының 221-і мақсатты, 105 ұжымның үй иелері тұрғын үй есебінде пайдалануда. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін өткен жылы 43 ұжымдағы 2067 жер телімдерінің мақсаты бау-бақшадан тұрғын үйге ауыстырылды.

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша 10 көппәтерлі тұрғын үй жөндеуден өтті.

Ақтөбе қаласының бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында «ЖаңаАуыл-3», «Шығыс – 2», «Сазды-3», «Рауан-2», және «БаянАуыл» тұрғын алабына арналған 5 егжей-тегжейлі жоба әзірленді, оның жалпы ауданы 1552,0 гектарды құрайды.

Қазіргі күні қаладағы 346 көп қабатты ғимарат 829 лифт бар. Олардың ішінде техникалық ақауларға байланысты 282 лифтінің пайдалану мерзімі өткен. 2019 жылы 18 лифт ауыстырылды.

Жоспар: 2020 жылы бюджет есебінен 1756 пәтер болатын бес 9 қабатты және 11 аз қабатты тұрғын үй құрылысын аяқтап, 950 пәтерлік үш 9 қабатты үй құрылысын бастау белгіленді. Жеке қаражат есебінен 3028 пәтер болатын 27 көп қабатты үй құрылысын аяқтау жоспарланды.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 1000-нан аса, кезекте тұрған 998 адамға пәтер беру.

Бұрын салынған көп қабатты 45 тұрғын үйді (2,0 млрд теңге) күрделі жөндеуден өткізіп (модернизация), 100 лифтіні ауыстыру үшін ЖСҚ дайындау.

2020 жылы бау-бақша ұжымындағы 3212 жер телімінің мақсатын бау-бақшадан тұрғын үйге ауыстыру жоспарланды.

 ИНЖЕНЕРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

Есепті кезеңде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 4,6 млрд. теңге бөлініп, барлығы 233,5 км электр, 191,1 км газ, 47,9 км су жүйелері жүргізілді.

Атап айтқанда: Электр желілері «Бауырластар-1», «Жаңақоныс-2», 312-атқыштар двизиясы даңғылы, «Бауырластар-4»,«Батыс-1», «Батыс -2» тұрғын массивінің №1г, №1б учаскелерін  және аяқтау мерзімі 2020 жылға жоспарланған «Думан», «Бауырластар-3» тұрғын алабына жүргізілді. Газ желілері «Бауырластар 1», «Жаңақоныс-2», «Бауырластар-4», «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабының №5, 6, 7 шағын аудандарының қазандығына  және аяқтау мерзімі 2020 жоспарланған «Думан» тұрғын алабына тартылды. Су жүйелері Белогорка, Өрлеу елді мекеніне және Бауырластар-4  тұрғын алабына жүргізілді.

Сонымен қатар 304,7 млн теңгеге 35 нысанның (6 су, 2 кәріз, 24 электр желісі, 3 электр станциясын салу) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланды.

Жоспар: Құрылысы 2019 жылы басталған «Бауырластар-3», «Думан» тұрғын алабына электр желісін тарту, «Қарғалы», «Заречный-1» тұрғын алабына су құбырын тарту және «Думан» тұрғын алабына  газ құбырын тарту жұмыстарын аяқтау. Сонымен қатар «Жаңақоныс-3,4» тұрғын алабына электр желісін тарту, «Бауырластар-3», «Парасат», «Батыс-1», «Жаңақоныс-2» тұрғын алабын газбен жабдықтау, «Ақшат», «Өлке» тұрғын  алаптарын сумен қамту және «Батыс-3» тұрғын алабына су құбырларын жүргізу жұмыстарын бастау қажет.

АВТОМОБИЛЬДЕР ЖОЛДАРЫ

Ақтөбе қаласы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы — 651 шақырым, оның 300 шақырымында асфальт-бетон жамылғысы бар.

2019 жылы жол жөндеу жұмыстарына 4,2 млрд теңге бөлініп, 33 км жол жөнделді. Оның ішінде:

Жолдардың құрылысы және реконструкциясы: Тургенев және Ғ.Жұбанова көшелері аралығы, Батыс-2, «Нұр Ақтөбе», «Нұр Ақтөбе-1», 1 «А», Ақжар-2  аудандары және Сельмаш ауданындағы көпір өткелі жөнделді.

Жолдардың күрделі жөнделуі:

Байғанин, Құлымбетов, Мөңке би, Нариманов, М.Өтемісов, М.Мәметова, Бейбітшілік көшелері, «Бекқұл баба» тұрғын алабының орталық көшесі, Ясный тұрғын алабы, Кірпішті және «Өрлеу» тұрғын алаптары аралығындағы автомобиль жолы жөнделді.

Жолдардың орташа жөнделуі:

-Бөкенбай батыр және М.Мәметова көшелері аралығындағы автомобиль жолы жөнделді.

Қазіргі таңда жалпы сомасы 11,8 млрд теңге болатын автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 40 ЖСҚ бар. Алдағы жылдары осы жобаларды толығымен жүзеге асырған жағдайда, асфальт жамылғысымен қамтылған автомобиль жолдарының көрсеткіші 80%-ға дейін жететін болады.

Жоспар. 2020 жылы 11 нысан бойынша жолдардың құрылысы мен реконструкциялау жұмыстарын аяқтау, 10 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 8 нысан бойынша орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және 100 көп қабатты үй аулаларына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Сонымен қатар кептелісті болдырмау мақсатында 6 көше айрықтарын салу жұмысын қолға алуымыз қажет.

Жолаушылар тасымалы

Қалада жолаушылар тасымалымен екі кәсіпорын: «ПАТП» ЖШС және «Автопарк» ЖШС айналысады. 54 бағыт бойынша күн сайын 317 автобус қызмет көрсетеді. Алайда толық қызмет көрсету үшін әлі де 80 автобус қажет.

Автобустар электрондық төлеу жүйесінің төлем терминалдарымен жабдықталуда.

Жоспар. Үстіміздегі жылдың наурыз айына дейін барлық автобустарға электрондық төлеу жүйесін енгізіп, бейнекамералар, дауыспен хабарландыру құрылғыларын орнатып, қызметкерлерді бірыңғай киім үлгісіне көшіру және аялдамалар атауларын өзгерту бағытындағы жұмыстарды аяқтауымыз қажет.

Сонымен қатар қызмет көрсетуді жақсарту үшін жаңа 100 автобус сатып алу қажет.

 АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ

 Өткен жылы қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында 27 орынға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай облыстың аудандары Бөкенбай батыр көшесі, Есет батыр және Ә.Молдағұлова көшесі қиылысына және Сәңкібай батыр даңғылығына 9 аллея мен сквер салып абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қаланы безендіру және эстетикалық көріністі жақсарту үшін 16 кіші архитектуралық нысан және Жалаңтөс баһадүр мен Бөкенбай батырға арналған ескерткіштер қойылды.

Қала көшелерінде тротуарларды салу және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жасалды. Бүгінгі күнге 10 мың шаршы метр тротуар салынып, 1200 шаршы метр жөнделді.

Бүгінгі күні қаламызда жалпы алаңы 1,3 млн шаршы метр болатын 66 саябақтар мен гүлзарлар бар. Қазіргі таңда саябақтарды күтіп ұстау да өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Осы мақсатта ағымдағы жылы саябақтарда санитарлық тазарту, жасыл желектерді суару және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін «Қызмет Ақтөбе» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Қаланы жарықтандыру мақсатында ескі шамдарды, бағандар мен электр беру желілерін қазіргі заманғы энергия үнемдейтін құрылғыларға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 11, 12-шағын аудандар жарықтандырылды, Кобозев, Нариманов, Берсиев көшелеріне 230 дана металл баған орнатылып, жерасты кәбілдік желілерін ауыстыру жұмыстары Сүт зауыты шағын ауданында орналасқан айналма тасжолы бойына жүргізілді. Сонымен қатар қала ішінде 669 жарық бағанасы мен 280 шам ауыстырылды. Қазіргі уақытта ASUNO жүйесіне 11 даңғыл мен қала көшелері қосылды, 20-дан астам басқару блогы (шамамен 1100 шам) орнатылды және тәулік бойы диспетчерлік пункт ұйымдастырылды. Бұл апат аймақтарын дер кезінде анықтап, механикалық және қашықтан залалды жою бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық көлік бағытындағы аялдамалардың жаңа эскиздері тұрғындардың дауыс беруі арқылы таңдалып, аялдама павильондарының 3 түрі белгіленді. 2020 жылы аялдама павильондарын жеке қаражат есебінен орнату жоспарланды. Ақтөбе қаласы бойынша 4 мердігерлік ұйымы қаланың санитарлық-күтім жұмыстарымен айналысып, тұрмыстық қалдықтарды шығаруда 3 кәсіпорын жұмыс жасады.

Қаладағы тұрмыстық қалдықтарды мезгілінде шығаруда қиындықтар бар. Оған бірнеше себептер әсерін тигізуде. Біріншіден, арнайы техникалардың жетіспеушлігі, екіншіден, тұрғындардың 60%-дан астамы қоқыстарды шығарғаны үшін ақы төлемеуі, үшіншіден, тарифтің төмендігі. Бүгінгі күні ол айына 1 адамға 104 теңгені құрайды. Бұл елдегі ең төмен тарифтердің бірі, жүз пайыз жиналғанның өзінде де кәсіпорынның шығындарын өтемейді.

Жоспар. 2020 жылы қала имиджін арттыру, қала брендін, қалалық кеңістікте сәулеттік безендірудің бірыңғай стилін қалыптастыру және сәулеттік безендіру міндеттерін шешу мақсатында Ақтөбе қаласының дамыту Концепциясын әзірлеуіміз қажет.

Басты назарда көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және абаттандыру, аулалардың асфальтбетонды жабындысын жөндеу, балалар алаңдарын және көше жиһазын орнату, аулаларды жарықтандыру, контейнерлік алаңдарды орналастыру және жасыл көшеттерін отырғызу болу керек.

Сонымен қатар қала аумағындағы барлық ағаштардың санын анықтау және оларды сертификаттау үшін электрондық форматта жасыл алаңдарға кешенді түгендеу жүргізіп, төлқұжаттандыру қажет.

2020 жылы 300 темірбетон бағандарын, LED шамдары бар металл бағандарына ауыстыру және қаланың 15 ауданын жарықтандыру жоспарланды. Жалпы алғанда қаланы жарықтандыру бағытындағы барлық жұмыстарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаладағы тұрмыстық қалдықтарды мезгілінде шығару мақсатында тариф мөлшерін өсіріп, қажетті жетіспейтін жаңа техникалармен қамтамасыз етуіміз қажет.

«СМАРТ СИТИ АҚТӨБЕ»

 Қазргі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» тұжырымдамасы 5 бағытта жүзеге асырылуда.

Білім беру жүйесі

Барлық мектептер жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылып, «Күнделік» ақпараттық жүйесіне қосылды.

«7 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұрғызу және бағыттама беру» және «1-сыныпқа құжат қабылдау» мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды. 28 мектепке турникеттер орнатылып, әлеуметтік картасы жобасы аясында мектеп асханаларында ас беру процестері автоматтандырылуда. Осыған орай, балаларды ыстық тамақпен қамту мемлекеттік қызметін толығымен автоматтандыру жоспарлануда.

Цифрлық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы

Ақтөбе қаласының әкімдігі «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе «Бірыңғай төлем құжаты» енгізілді. Қазіргі таңда 74 ұйыммен келісімшарт жасалып, төлем құжаттары QR-кодпен басып шығарылуда.

Зияткерлік көлік жүйесі

Қоғамдық көліктерге электронды билет енгізу үшін «ВРС Ақтөбе» ЖШС арқылы валидатор құрылғысы 12 бағыттағы 110 автобусқа орнатылды. Тұрғындар Visa, Master Card төлем карталарымен PayPal, Google Play, App Play арқылы жолақысын төлеу мүмкіншілігін алды.

Қауіпсіз қала

Жоба аясында 130 қоғамдық және 96 жол қауіпсіздігі бейнебақылау камерасы орнатылды. Облыстық полиция департаментінің ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ көп қабатты үйлерге 1254 бейнекамера және 69 мектепке 397 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Бүгінгі таңда барлық бейнекамералар Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылды.

Цифрлық әкімдік

«109» колл-орталығы үшін арнайы ақпараттық жүйе мен мобильдік қосымша әзірленді.

Жоспар. 2020 жылы балабақшалардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында электронды табельдеу модулін қосып, барлық мектептерде турникет орнату.

Қала көшелерін жарықтандыру және электр энергияны үнемдеу мақсатында «Ақылды жарықтандыру» жобасын енгізу.

Жер учаскелерін беруде электронды аукцион жүйесін енгізу.

Автобустардың маршруттарын бақылап отыруға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша жасау.

Қала тұрғындарының тұрмыс сапасын көтеру мақсатында «Smart Aktobe» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік қосымшасын іске қосу.

БІЛІМ БЕРУ

2019-2020 оқу жылының басында Ақтөбе қаласының білім бөлімінің желісі 240 білім беру мекемесінен құралды.

Қала аумағында 83 күндізгі жалпы білім беретін және 2 кешкі  мектеп бар. Мектептердің контингенті 82208 оқушыны құрайды, бұл өткен оқу жылымен (75360 оқушы) салыстырғанда 6848 (109,1%) оқушыға артық.

Өткен оқу жылында үш ауысымды 6 мектеп болды. Үш  ауысымдық оқытуды жою мақсатында 3 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді, (Украинка елді мекенінде 300 орындық — №75, Құрашасай елді мекенінде 600 орындық — №77, Бекқұл баба елді мекенінде 300 орындық №76 орта мектебі). Жалпы 624 орынға арналған 3 мектепке жапсырма салынды (№9, 21  мектеп-гимназиясы мен №27 орта мектебі). Сонымен қатар бес жеке мектепке 460 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы (№23, 63 мектеп лицейлері, №2,11,64 орта мектептері оқушы орны тапшылығын жою үшін) орналастырылды.

Өткен жылы 4 мектеп күрделі, 27 мектеп пен 11 балабақша ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Мектеп жұмысының нәтижелілігінің негізгі көрсеткіші  — білім сапасы. 2018-2019 оқу жылы бойынша білім сапасы — 53,1%, үлгерімі 99,9%-ды құрады. Оқу жылының қорытындысы бойынша  15692 оқушы оқу үздіктері атанды, олардың арасында негізгі мектепті — 444 түлек, жалпы орта мектепті 159 түлек «Алтын белгімен» және 97-сі үздік үлгеріммен аяқтады. ҰБТ-ға  2864 түлектің 2425-сі қатысты (84,6%).

Барлығы 18593 оқушы 15 қосымша білім беру орындарында білім алды.

Халық аз шоғырланған жерлердегі саяжайлардан 4334 оқушы тасымалданады. 2019 жылы  9750 жеңілдік санатындағы оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бір оқушыға бір күнгі тамақтану  құнына келсек, 6-11 жас — 225 теңге, 11-18 жас 235 теңге  болса, 2020 жылға бір оқушыға 430 теңге болып бекітілді.

«Мектепке жол» акциясы негізінде жеңілдік санатындағы 6932 оқушыға 123,5 млн теңгеге және «Жалпы білім беру» қоры есебінен 80 оқушыға 800 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Қала аумағында 151 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде: мемлекеттік-44, жеке 103 және 2 шағын орталық. Өткен жылы барлығы 25 балабақша ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99%-ға (97,2%) жеткізілді.

Жоспар. Жыл сайын қалаға қоныс аударып келушілердің санының өсуіне байланысты үш ауысымдық оқытатын мектептер әлі де азаймай отыр. Қазіргі таңда үш ауысымдық 7 мектеп (№12, №53, №56,  №60,  №63, №64, №68) жұмыс жасайды. Осыған орай, үстіміздегі жылы тағы 5 жаңа мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады (Батыс-2 ауданында 1200 орындық және 400 орындық екі жеке мектеп, «Нұр Ақтөбе» ауданында 900 орындық, Рауан және Шилісай елді мекендеріндегі 300 орындық екі мектеп).

Сонымен қатар, 3 мектепте 420 орынға арналған жапсырма құрылысын аяқтап (№17, №37, №56), тағы 6 мектепте жапсырма құрылысын бастауымыз қажет (№12, №14, №53, №68, №47, №51).

2020 жылда 10 мектептің (№14, №19, №21, №24, №26, №33, №38, №42, №53, №59) күрделі жөндеуі жоспарланып отыр.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек бөлінуде. Өткен жылы аз қамтылған 10894 отбасындағы 51060 адамға 5,4 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған 732 азаматқа 62,9 млн теңге біржолғы әлеуметтік көмек, соның ішінде 107 көпбалалы отбасыларға 6,1 млн теңге берілді. 192 отбасына 3,0 млн теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Қала бойынша мүгедектер саны 12050 адамды құрайды, оның ішінде 16 жасқа дейінгі 2149 мүгедек бала бар. Мүгедектердің жеке көмекшілер қызметіне – 394,1 млн теңге, «Инватакси» қызметіне 38,8 млн.теңге бөлініп, қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар РБ бюджеттен 34 пәтер көпбалалы отбасына сатып алынса, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында толық емес отбасына 64 пәтер, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға – 6, жетім балаларға — 18, көпбалалы аналарға — 25, 1,2 топтағы мүгедектерге 6 пәтер берілді.

Қаладағы 889 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Кешенді жоспарға сәйкес, 14579 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 16444 адам жұмыспен қамтылды немесе 113%-ға орындалды.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты бейресми жұмыспен қамтылғандарды сақтандыру жүйесіне тарту жұмыстары жүргізілді. (Актуализацияланбаған 7158 адам. Оның ішінде 4200-і — бас тартқандар, 757 жалдамалы жұмысшылар және т.б.)

2020 жылдан бастап қалалық бюджет есебінен ай сайынғы және бір жолға төленетін әлеуметтік көмектер бойынша төмендегідей өзгерістер енгізілді.

Коммуналдық қызметтер бойынша:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге ай сайын (2019 — 10 мың теңге)  20 мың теңге жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, басқа да санаттарға жылу маусымының 7 айы бойы (2019 жылы — 3,5 мың теңге) 10 мың теңге төленетін болады.

9 мамыр — Жеңіс күніне орай бір жолғы төленетін төлем:

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (2019 жылы — 60,0 мың теңге)  80,0 мың теңге, теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына (2019 жылы — 35,0 мың теңге) 50,0 мың теңге 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға (2019 жылы — 12,0 мың теңге) 20,0 мың теңге, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және әйелдеріне (2019 жылы — 12,0 мың теңге) 20,0 мың теңге, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және әйелдеріне (2019 жылы — 12,0 мың теңге) 20,0 мың теңге төленетін болады.

Ай сайынғы үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек бала үшін (2019 жылы — 2,2 мың теңге) 5,0 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге Мүгедектер күніне орай (2019 жылы — 40,0 мың теңге) 50,0 мың теңге төленетін болады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік даярлауға 872 (жоспар 945) адам еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша (аспаз, тігінші, тәттігер, электрик, автоэлектрик, газдәнекерлеуші, жүк тиеуші жүргізушісі, шаштараз, маникюр мамандықтары) арнаулы-орта және оқу орталықтарына бағытталды. Оның ішінде 693 адам оқуды аяқтап, 521 адам немесе 75% жұмысқа орналасты. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға (ТИПО) 342 адам (жоспар — 330) бағытталды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 198 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: 1,6 млрд теңгеге 145 жоба (жоспар — 114)  несиелендіріп, 53 жобаға 56,7 млн теңге кепілдік берілді.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 973 адам бағытталып, 941 адам оқуын аяқтады (аз қамтылған отбасы — 104, көпбалалы отбасы  — 47, 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар  — 536, мүмкіндігі шектеулі азаматтар  — 4). Оқуды аяқтаған 257 адам қайтарымсыз грантқа ие болды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 279 адам бағытталды немесе 186% (жылдық жоспары – 150 адам), 177 адам әлеуметтік жұмыс орнын аяқтап, 142 адам немесе 80% жұмысқа орналасты.

Жоспар. Әлеуметтік осал топтарға барынша әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді жалғастыра отырып, көпбалалы отбасыларына 122 пәтер сатып алу, кемінде 14600 адамды жұмыспен қамту, 330 адамды (ТИПО) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудан өткізу, 600 адамды «Бастау-бизнес» жобасы аясында оқытып, өз істерін ашу үшін кемінде 200 адамға несие алуына ықпал етуіміз қажет.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Қала аймағының тұрғындарына 28 аурухана (11 мемлекеттік, 2 ведмоствалық, 14 жекеменшік), 143 ауылдық елді мекендерде (33 мемлекеттік, 10 ведмоствалық және 100 жекеменшік медицина мекемелері) медициналық көмек көрсетеді. Қаланың медицина мекемелерінде 2281 дәрігер және 4002 мейірбике жұмыс жасайды, ол 10 мың халыққа есептегенде 46,5 және 81,6 көрсеткіштерін құрайды. Салыстыру үшін 2018 жылдың осы уақытында 46,9-і және 81,6-і құраған еді (дәрігерлермен қамту 0,8%-ға төмендеген,  мейірбикелермен қамту өзгермеген).

2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді.  Қала аумағында сандық медицина белсенді енгізіліп, жүргізілуде. Емдеу мекемелері медициналық жазбаларды электронды форматта жазады. Науқастар дәрігерлердің тағайындалуы туралы ақпаратты ғаламтор арқылы ала алады және электронды кезекке тіркеледі.

Денсаулық сақтау мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі оң өзгерістер, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қаладағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар статистикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді. Осылайша, қалада туу коэффициенті (1000 адамға — 25,09) 3,8%-ға өсті, бұл аймақтық және республикалық көрсеткіштерден жоғары, жалпы өлім көрсеткіші (1000 адамға — 6,48) 3,1% жоғарыласа, ана өлімі (100,0 мың балаға — 6,60) 5,7%-ға төмендеуі байқалады және табиғи өсім 4,1% өскен.

Онкологиялық аурулар (100,0 мың адамға — 208,1) 9,3% төмендесе, қан айналымы жүйесі аурушаңдығы (100,0 мың адамға — 1981,5) 2,4%-ға жоғарылаған.

Туберкулезбен аурушаңдық  100 мың тұрғынға есептегенде   50,1-і құрап (2018 ж. — 58,8), 14,8%-ға төмендеген.

Жоспар. Негізгі медициналық көрсеткіштерді — тууды көтеріп, өлім-жітімді, жұқпалы аурулармен ауыруды төмендетіп, өмір сүрудің орташа ұзақтығын қамтамасыз етуіміз қажет.

Биыл Батыс-2, «Нұр Ақтөбе» тұрғын алаптарындағы емханаларды, облыстық перинаталдық орталығын, позитронды-эмиссиялық және Чикап орталықтарының құрылысы жоспарлануда.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

2019 жылы мәдениет саласында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар негізінен құтты мекен — Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы, елімізде  жарияланған Жастар жылы аясында, сондай-ақ түрлі мерекелік даталарға арналған 1647 іс-шара өткізіліп, оған 617504 адам қатысты. Соның ішінде, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы аясында қаламызда 3 халықаралық, 15 республикалық, 3 аймақтық, 11 облыстық және 350-ден астам қалалық шара өткізілді.

Жоспар. 2020 жылы қаламызда өткізілетін барлық шаралар еліміздің тарихы мен мемлекеттілігіміздің нығаюы жолындағы маңызды даталарға байланысты болады. Нақтырақ айтсақ, Конституцияның 25 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Ұлы даламыздың даңқты перзенттері Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы және Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтуіміз қажет.

Сонымен қатар қалалық және К.Нокин тұрғын алабындағы Мәдениет үйлерін реконструкциялаудан өткізіп, Пригородный Мәдениет үйін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар жасақтауымыз қажет.

СПОРТ

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша 72 спорт түрі дамытылады. Қаладағы жүйелі түрде денешынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны — 165821 адам немесе 33,3% (соның ішінде 34,2 мың бала, 813 мүгедек балалар). Ал спорт нысандарының саны 603-ке жетіп, 103,4%-ға артты.

Өткен жылы 20 балалар ойын алаңы және 10 спорт алаңы орнатылып, «Дельфин» қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

Бұқаралық-денешынықтыру және спорттық-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттың әр түрінен бүгінгі күнге дейін 101 іс-шара өткізіліп, 30 мыңнан жоғары адам қамтылды.  Барлық  өткізілген іс-шаралар Ақтөбе қаласының 150-жылдығына және Жастар жылын мерекелеуге бағытталды. Соның ішінде «CNPC-AMG АктобеХалфМарафон» атты дәстүрлі V халықаралық жартылай марафоны, ауыр күш қолданылатын спорт түрінен «G-СТРОНГ-ПАУЭР ФЕСТ» V халықаралық фестивалі және тұңғыш рет қазақ күресінен Әлем чемпионаты өткізілді.

Жоспар. Қалада спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттау  бағытындағы жұмыстарды жалғастыра отырып, Ақтөбе қаласында ұзындығы 2,5 км болатын триатлон саябағын, 8-шағын ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында футбол кешенін және «Нұр Ақтөбе» ауданында екі спорт кешенін салу қажет.

 ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында 515 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 317-сі  белсенді. Қоғамдық бірлестіктер қала тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылауға кеңінен қатысады.

2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланып, әртүрлі әлеуметтік жұмыстар және қайырымдылық,  мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, жастар бастамасымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «150 игі іс» акциясы жарияланып, қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің  қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық Жайдарман ойындарында жергілікті «Фемида» командасы бас жүлдені иеленді.

2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының 100 жас тұрғыны баспаналы болды.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы билік органдары және еріктілермен бірлесе отырып, ортаны тұрақтандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және басқа да құқықбұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмыстар жүргізуде.

2019 жылы «Заң және тәртіп», «Жұмыспен қамту», «Құқық тәртібі», «Қауіпсіз аула», «Түнгі қаладағы балалар», «Қауіпсіз жол» сияқты 77 жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде 2019 жылы жалпы қылмыстық құқықбұзушылық тіркелуі 24,5%-ға (11847-ден 8337-ге) төмендеді. Оның шініде: кісі өлтіру 10,5%-ға (38-ден 34-ке), орташа ауыр қылмыс 32,9%-ға (9451-ден 6340-қа), ұрлық 33,5%-ға (8491-ден 5646-ға), тонау 30,9%-ға (413-тен 285-ке), бұзақылық 16,8%-ға (510-нан 424-ке), қарақшылық 8,3%-ға (24-тен 22-ге), қоғамдық жерлердегі қылмыс 35,3%-ға және көшедегі қылмыстар 42,5%-ға (2969-дан 1706-ға) төмендеді.

Көптеген қылмыс түрлері азайғанымен, отбасылық жанжал 31,6%-ға (19-дан 25-ке), мас күйінде жасалған қылмыс 10,0%-ға (751-ден 826-ға) және кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс 6,4%-ға (94-тен 100-ге) артып отыр.

Бұл жердегі басты міндетіміз — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмысымызды жандандырып, құқыбұзушылықты азайту.

Құрметті ақтөбеліктер!

Біз өткенді қорытындылап, 2020 жылға арналған жоспарды белгілеп отырмыз. Қаланың даму мүмкіндігі зор екенін сеніммен айта аламын. Шаһардың жаңғыру жолына түскені өткен жылы атқарылған жұмыстардан анық білінеді.

Біз ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевың және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы және бала институтын қолдау, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін дамыту, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу және  жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру міндеттерін жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз керек.

Өңіріміз бен Ақтөбе қаласын дамытуда біздің бірлесе атқарған жұмысымыз ғана оң нәтиже беріп, әрбір ақтөбеліктің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайды.

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Нурсултан Назарбаев
Поделитесь новостью с друзьями