Сыйға тартылған садақ

Дата: 05 декабря 2019 в 11:52


Сыйға тартылған садақ

Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында облыс басшысы Оңдасын Оразалин №402 Мәскеу гимназиясына барып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Гимназия 1971 жылы ашылған. Әлия Молдағұлова атындағы музей 1973 жылы мерген әйелдердің бастамасымен құрылды. 2005 жылы Ақтөбе қаласының әкімдігі мұражай ғимаратын жөндеуден өткізіп, ескерткіш тақтасын орнатқан болатын.
Облыс әкіміне музей экспонаттары таныстырылды. Онда мергендерге арналған гимнастерка, Әлияның елінен жеткізілген топырақ салынған қапшықтар қойылған. Аймақ басшысы экскурсияға келуші оқушылардың Әлияның бойындағы мергендік өнердің қайдан шыққанын түсінуі үшін мұражайға садақтар мен жебелерді сыйға тартты.
Музейдің екінші бөлімінде қазақ халқының салт-дәстүрі  мен әдет-ғұрпына арналған экспозиция жасақталыпты. Көрнекті орынға — Алтын адам, қобыз, қазақтың ұлттық валютасы — теңге қойылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Поделитесь новостью с друзьями