Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Абаттандыру жобалары талқыланды

Дата: 09 ноября 2019 в 12:42


Абаттандыру жобалары талқыланды

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен жиында қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастырудың тұжырымдамасы талқыланды.

Жиында Ақтөбе қаласының төрт ауданын абаттандыру жобалары ұсынылды. Атап айтсақ, олар — қаланың орталық бөлігі (Әбілқайыр хан, Ә.Молдағұлова, Абай даңғылдары мен Тургенев көшесі), Тұрғын үй қалашығы, Мәскеу аудандары және ескі қала аумағы.

Сондай-ақ, жиында қаланың 101-атқыштар бригадасы көшесін абаттандыру бойынша ұсыныстар да қаралды.

Отырыста Ақтөбе қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Әлібек Серікбаев алдағы уақытта нысандар құрылысын жобалау кезінде қаланың кешенді көркемдік сәулеті негізге алынатынын, ең алдымен, бұл қаланың орталық көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерге қатысты екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жоба аясында алдымен Әбілқайыр хан, Абай, Ә.Молдағұлова даңғылдары мен Тургенев көшесін, сондай-ақ Тұрғын үй қалашығын және ескі қала бөлігін абаттандыру ұсынылып отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта Батыс-2 ауданында жерасты автотұрақтары салынып, тұрғын үйлер көрнекі, ірі жазулармен нөмірленбек.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Мәскеу ауданын ірі орталық ретінде қалыптастыру арқылы қаланың орталық көшелеріндегі автокөлік нөпірін азайтып, халық көп шоғырланатын орындардың жүктемесін реттеу көзделіп отыр. Яғни болашақта Мәскеу ауданында Қазақстан темір жолы жүк-жолаушы тасымалы терминалы, автовокзал және әуежай, қоғамдық-іскерлік орталықтар (банктер, бизнес орталықтары, қонақүйлер, сауда үйлері және т.б.), сондай-ақ әлеуметтік нысандар салынады.

Сондай-ақ жиында 101-атқыштар бригадасы көшесін қалпына келтірудің екі нұсқасы ұсынылды. Атап айтсақ, оның бірінші нұсқасында көше тек жаяу жолаушыларға ғана арналып жасалған. Яғни бұл көшемен кәсіпкерлік нысандарына жүк көліктері тек белгіленген уақыт бойынша ғана өтетін болады. Ал екінші нұсқасында көшенің автожолы сақталады.

Басқосуда қоғам белсенділері мен блогерлер, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшылары аталған жобаға қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Айта кету керек, аталған жобаға байланысты қала тұрғындарымен кері байланыс орнату үшін қала әкімдігі сайтының ресми парақшасында www.akt.gov.kz  кез келген ақтөбеліктің онлайн дауыс беруіне мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар тұрғындар @araily_aqtobe инстаграм парақшасына кіріп, өз ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

Д.ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями