Оқушылар жыр оқып жарысты

Дата: 31 октября 2019 в 10:52


Оқушылар жыр оқып жарысты

«Анаға тазым» орталығында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлының өлеңдерін оқудан 8-10 сынып оқушылары арасында облыстық байқау өтті.

Оған облыстың барлық аудандарында өткен аудандық кезеңнен орын алған 30-дан астам оқушы қатысты. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар. Олар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, жарысты.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша аталған байқауда І орынды №2 Қарауылкелді орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шұғыла Досмұханбетова мен Мұғалжар орта мектебінің 10-сынып оқушысы Алмара Мелисова жеңіп алса, ІІ орынды Ақтөбе қаласындағы №71 мектептің 8-сынып оқушысы Алдияр Аманжол, №13 орта мектептің 9-сынып оқушысы Шахзада Хамитова және №8 орта мектептің 9-сынып оқушысы Рамир Бақтыгелді иеленді. Ал ІІІ орынды Алға ауданы №1 Алға орта мектебінің 9-сынып оқушылары Жаннұр Тілегенова мен Мөлдір Ұзақбаева, Ақтөбе қаласындағы №47 орта мектептің 10-сынып оқушысы Әлихан Әбілқайыр иеленді.

Аталған шараға Бауыржан Бабажанұлы арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді.

Кеш барысында орталық мамандары ақынды мерейлі 50 жасымен құттықтап, оқушылар салған ақынның портреттерін сыйға тартты.

Шара соңында Бауыржан Бабажанұлы оқушыларға жүрекжарды тілегін айтып, «Уәде» атты өлеңін оқып берді.

Данагүл ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями