Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Дата: 18 октября 2019 в 20:04 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Облыс бойынша 11 мобильді қабылдау пункттері, ал облыс орталығы Қызылорда қаласында 2  мобильді қабылдау пункттері қызмет етіп жатыр.

Екі күнге жоспарланған акцияда Полиция департаментінің басшылығы, Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі және Көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларынан құралған арнайы мобильді топтар белгіленген  жерлерде тұрғындарды қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, акция барысында облыс тұрғындары департаменттің ресми әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.

По сообщению сайта NewTimes

Поделитесь новостью с друзьями