Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

 «Қайырымдылық керуеніне» қатысыңыз!

Дата: 08 октября 2019 в 11:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


 «Қайырымдылық керуеніне» қатысыңыз!

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы биыл да жалғасын тапты. Ұйымдастырушылар — ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар» агенттігі мен «КТК» телеарнасы, сондай-ақ «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

Биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған байқаудың негізгі мақсаты — ізгілікті насихаттап, қайырымдылық идеяларын дәріптеу.

Байқау 5 түрлі номинациядан тұрады: «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы».   

Байқауға кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізіп отырған тұлғалардан басқа, әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге өз үлесін қосып жүрген азаматтар қатыса алады.

Конкурсты қорытындылау және марапаттау рәсімі Алғыс айту күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.

Байқауға қатысушылар үшін тапсырылатын құжаттар тізімі ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры сайтында көрсетілген.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями