Роман басқарған команда жеңіске жетті

Дата: 03 октября 2019 в 12:12


Роман басқарған команда жеңіске жетті

Халықаралық Демократия күні аясында Санкт-Петербург қаласында Қазақстан делегациясының қатысуымен халықаралық конференция өтті.

Конференцияны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясы (бұдан әрі – ТМД ПАА) Кеңесінің Хатшылығы және Демократияны, парламентаризмді дамытуды мониторингтеу және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институты (ТМД ПАА ДДМХИ) ұйымдастырды.

Ғылыми дебаттарға екі құрама команда қатысты. Бірінші командаға биыл көктемде ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген ұлттық кезеңінің жеңімпаздары, ал екінші команданың құрамына Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен викторинаның жүлдегерлері енді.

Қарсыластар үш кезеңде — тәжірибелік демократияны дамыту, мемлекеттік басқарудың парламенттік және президенттік түрлерінің артықшылығы, сондай-ақ қазіргі кезде әлемде экономикалық және саяси бірігу мәселелері бойынша пікірлерін білдірді.

Конференция нәтижесі бойынша Халықаралық ғылыми пікірталастардың жеңімпазы болып Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенті Роман Есеналин (Қазақстан, Ақтөбе қаласы) капитан ретінде басқарған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрама командасы танылды.

Халықаралық конференция туралы қосымша ақпарат www.iacis.ru, яғни ТМД ПАА-ның ресми сайтында орналасқан.

 Өз тілшіміз.

Поделитесь новостью с друзьями