Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың жұбайы егіз баланы дүниеге әкелді

Дата: 29 июля 2019 в 18:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың жұбайы егіз баланы дүниеге әкелді

Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов егіз балалы болды. Сүйінші хабарды белгілі ақын Қалқаман Сарин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақынның айтуынша, Нұрмұхаммед ұлының атын ақынның құрметіне — Қалқаман, қызының атын — Қарақат қоймақшы екен.


©instagram.com/kalkamansarin_

«Менің досым, құрдасым, жақыным. Біз ұзақ сырласатынбыз. Армандарым көп дейтін. Сол асыл армандарының бірі  — отбасын құрып, бала сүю болатын. Мен де ақынның сол арманы орындалса екен деп тілейтін едім. Міне, Құдай тағала сол күнге жеткізді. Тілегіміз қабыл болды! Нұрмұхаммед бір ұл, бір қыздың әкесі атанды», — деп ақын сүйінші хабарды жеткізген. 


Әбілқасымовтың 2015 жылы отау құрғаны белгілі. Олар шахмат турнирінде танысқан екен.

Айта кетейік, Нұрмұхамед Әбілқасымов барлық өлеңін аузына таяқша тістеп, ұялы телефонға хабарлама түрінде жазып шыққан. Осылайша, мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан, «Тағдырымның жанары», «Тасжарған» деген қос жыр жинағын жарыққа шығарды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Нұрмұхаммед Әбілқасымов Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың қабылдауында болған еді. Сол кезде Көшербаев талантты ақынға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. 

Нұрмұхамед Әбілқасымов — 1978 жылы 19 желтоқсанда Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында туған. 2012 жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматтан өткен облыс чемпионатында жеңімпаз болған. «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями