Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбедегі екі ірі жылу желісі жөнделіп жатыр

Дата: 22 июля 2019 в 09:22


Ақтөбедегі екі ірі жылу желісі жөнделіп жатыр

«Трансэнерго» акционерлік қоғамы 2019-2020 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындықты бастап кетті. Бүгінгі таңда аталған кәсіпорын Ақтөбе қаласындағы екі ірі жылу желісін жаңартып және қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға жақын. Бұл мақсатта 346,9 миллион теңге жұмсалыпты.

Жөнделген нысандардың бірі — облыс орталығына жылуды бөліп және жеткізіп отырған негізгі жылу магистралі.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен коммуналдық кәсіпорынның өкілдері рейд барысында БАҚ өкілдеріне жаңа жылыту маусымына Ақтөбе қаласының қаншалықты дайын екендігін әңгімеледі. Сондай-ақ, 312-атқыштар дивизиясы даңғылы ауданында орналасқан магистральді жылу желісі мен Әуеқалашықтағы «Қазандық» қазандығындағы жұмыстарды көрсетті.

Бұл нысандардағы жөндеу жұмыстары кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа жасалған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Жасұлан Қартымбетовтің айтуынша, «Трансэнерго» акционерлік қоғамы 2015 жылдан бастап инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс істеп келеді. «Бұл уақыт ішінде бағдарлама есебінен қаладағы жылу желілерінің ескілері едәуір азайтылды, ал жөнделіп жатқан мына екі ірі нысан көп жылдардан бері күрделі мәселелердің бірі боп келді», — дейді Жасұлан Қартымбетов.

Мамыр айынан бері жүргізіліп жатқан магистральді желіні қайта қалпына келтіру жұмысы аяқталуға жақын. Барлығы 517 метрлік құбыр алмастырылды. Бұл жұмысқа 272 миллион теңге көлеміндегі қаражат бөлініпті.

Сондай-ақ, «Трансэнерго» 75 миллион теңгені Әуеқалашықтағы «Қазандық» қазандығын жаңартуға және 231 метр жылу желісін қайта қалпына келтіруге жұмсап отыр.

Жылу желілері мен қазандықты қайта қалпына келтіру жұмыстары осы аудандағы 21-тұрғын үйдің (3057 абонент) және №29 орта мектептің жылу қуатының сапасына, жылудың үзілмеуіне оң әсерін тигізетін болады.

«Трансэнерго» кәсіпорны 12-шағын ауданның, Рысқұлов, Маресьев көшелеріндегі, Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Таксим» кафесі маңындағы жылу желілерін де ретке келтірді. Бұл жерлердегі жұмыстар аяқталды, тек осы аумақтарды көркейту жөніндегі жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Айтбай Дауылбаевтың айтуынша, енді11-шағын ауданы мен ГМЗ ауданындағы жылу желілері жөнделмек. Ақтөбе қаласы бойынша барлық өндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями