Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Jýsan Bank және First Heartland Bank бірікті

Дата: 27 июня 2019 в 16:11


Jýsan Bank және First Heartland Bank бірікті 2019 жылдың 27 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында «First Heartland Bank» АҚ-тың «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-қа қосылуы туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты «First Heartland Jýsan Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Бекжан Пірматов мырза: «Біз,  акционерлердің екі қаржы ұйымының адам және қаржы ресурстарын біріктіруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ бүгінгі күнде еліміздегі тұрақты және өтімділігі жоғары банктердің бірі болып табылатын  «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-тың (Жусан банк) мәртебесін арттыратын аталған шешіміне қуаныштымыз» -деп өз пікірімен бөлісті.  

2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «First Heartland Jýsan Bank» 680 млрд теңгеден немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында.

First Heartland Bank-тың қосылуы нарықтық жайғасымдарды нығайтады, біріккен Банктің инвестициялық тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Мәселен, қосылудан кейін First Heartland Jýsan Bank активтері 1 трлн теңгеден асатын соманы құрайды, ал жоғары өтімділікті активтер 800 млрд теңгеден асады.


«Бұл жақсы жаңалық, әсіресе біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін, өйткені біз өзімізге қаржылық жағдайы мінсіз және клиенттік базасы жақсы банкті қосып жатырмыз, бұл өз кезегінде, біздің банктік сектордағы жайғасымдарымызды нығайтады» — деп Б.Пірматов  мырза ойын түйіндеді.

Анықтама үшін:
First Heartland Jýsan Bank  қазақстандық қаржы нарығында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Jýsan Bank-тің (Жусан Банк) Қазақстан бойынша 119 бөлімшесі және 22 филиалы бар.

Jýsan Bank  жеке және заңды тұлға клиенттерге банктік қызметтердің толық спектрін, соның ішінде ағымдағы шоттарды, халықаралық төлем карталарын ашу және қызмет көрсету, кредиттеу, мобильді банкинг, депозит ашу, Қазақстан және әлем бойынша ақша аударымдары қызметтерін ұсынады. Өз қызметінде Банк клиенттеріне оперативті, жоғары сапалы, клиенттерге бағдарланған қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. 2019 жылдың ақпанында «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» білім беру автономды ұйымдар тобының қаржы холдингтік компаниясының инвестициялық бөлімшесі «First Heartland Securities» АҚ «Цеснабанк» АҚ-тың 99.5% жай акцияларын сатып алды. 2019 жылдың 29 сәуірінде жаңа акционер Банктің атауын өзгертті.  Банктің жаңа атауы жеке тұлғаларға арналған «Jýsan Bank» («Жусан банк» латын әліпбиінде бекітілген) брендімен «First Heartland Jýsan Bank» АҚ деп бекітілді.

2019 жылдың ақпанында Standard & Poor’s  халықаралық рейтингілік агенттігі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-қа ұлттық шкала бойынша В-/Тұрақты/B және kzBB — рейтингісін берген.

2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «First Heartland Jýsan Bank» 680 млрд теңгеден немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында.

По сообщению сайта Banker.kz

Поделитесь новостью с друзьями