Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

FIBC Kazakhstan компаниясы  жаңа өндірісті іске қосты

Дата: 08 июня 2019 в 12:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Ақтөбе» индустриалды аймағында ресми түрде  биг-бэгтер және ұсақ жүкті тасымалдайтын   вагондар сыналарын шығаратын цех ашылды.

Фабрика құрылысының жобасы  төрт кезеңмен жүргізіледі және 1 миллиард теңгеге бағаланады. Алғашқы кезеңде 200 миллион теңге игерілді — пішетін және тігетін цех салынып, іске қосылды. Биг-бэгтер, немесе түрлі құрылымдарды тасымалдауға пайдаланылатын жұмсақ контейнерлер берік қапшықтарды еске салады. Жүк көтеру қуаты 500-ден 2000 килограмға дейін.

— Бүгін ашылып отырған кәсіпорын уақыттың талабына толық жауап береді. Елбасы әр облыста индустриалды аймақ құруды міндеттеді, онда аймақтың экономикасына елеулі үлес қосатын кәсіпорындар шоғырланады. Соның бірі — жоғарыда аталған FIBC KAZAHSTAN өндірісі.

Жаңа кәсіпорын — бұл қосымша жұмыс орны және салық түсімдері деген сөз. Жаңа өндіріске табыс тілеймін! — деді облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин.

Биг-бэгтерді пайдалану  тағамдар мен күкіртті, мысалға, цемент пен құмды орау әдісінің, тасымалдаудың, сақтау мен тиеп-түсірудің қазіргі заманғы және тиімді түрі. Вагон сыналары күкіртті, тыңайтқыштарды, астықты, құм мен өзге де төгілмелі ұсақ өнімдерді тасымалдауға ыңғайлы.

— Индустриалды аймаққа жаңа өнімдер шығаратын  тағы бір жаңа кәсіпорын қосылды. Көздеген мақсаттарын табысты орындауларына тілектеспін, — деді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ  басқарма төрағасы Руслан Мамунов.

Кәсіпорын директоры Ботагөз Тайбөкенованың айтуынша, бұл — отбасылық бизнес.  Компанияға бар болғаны үш жыл. Осының барлығы басында екі іс тігетін машинадан және «Актюбрентген» АҚ ғимаратынан бір орынды жалға алудан басталды.

— Жаңа цехтың ашылуы — бұл Ақтөбе полимерлік фабрикасы құрылысының бірінші кезеңінің аяқталуы. Бүгінгі күні мұнда 30 адам жұмыс істейді. Біз жобаны ойдағыдай қорғап шықтық. Полипропиленді матаны дайындаудан бастап биг-бэг өндірісін жолға қоюды жоспарлаудамыз. «Ақтөбе» индустриалды аймағында бізге екі гектар жер бөлінді. Мұнда қолайлы жағдай жасалған, барлық инженерлік желілер жүргізілген. Маркетингтік талдау жүргізе отырып, біздің өнімімізге үлкен сұраныс беретін тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары барын білдік.

Сапаға айрықша көңіл бөлеміз. Шикізатты Ресейден алдырамыз. Әзірге Челябинск облысы мен Ярославльден алдырамыз. Негізгі тұтынушымыз — «Теңізшевройл» компаниясымен жұмыс істеу нәтижесінде ілгері басып келеміз.

Бүгінгі күні компаниямен вагон сынасын жеткізуге компаниямен келісімшартқа отырдық.

Кәсіпорын қазіргі сәтте жобалық қуаттың 40 пайызы деңгейінде жұмыс істеуде. Бізде бүгінгі күні 17 өндірістік машина бар, осы жабдықтар арқылы жылына 30 мың вагон сынасын және 300 мың биг-бэг шығара аламыз. Жобаны толық қуатында игергеннен кейін қуаттылықты жылына бір миллионға дейін қапшық шығару деңгейіне жеткізуді жоспарлаудамыз, — деді FIBC KAZAKHSTAN компаниясының директоры Ботагөз Тайбөкенова.

Екінші кезеңде өндірістік цехты кеңейту жоспарлануда. Үшінші кезеңде полипропиленді экструдирлеу үшін цех құрылысы және өзіндік шикізат базасын әзірлеу қолға алынады. Қорытынды кезеңде полипропиленді экструдирлейтін жабдықтарды алу және жылына бір миллион қапшық шығару өндірістік қуатын игеруге қол жеткізілмекші.

Владимир БУРЬЯНОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями