Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы — бақылауда

Дата: 14 мая 2019 в 10:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облыс  әкімі  Оңдасын Оразалин өткен сенбіде Ақтөбе қаласындағы бірқатар сауда орындарына барды.

Жергілікті  өнімдердің  бағасын бақылау  мақсатында облыс басшысы «Табыс» коммуналдық базарындағы Ырғыз, Қарғалы аудандарының  ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысты. Аптаның  әр сенбісінде  өтетін жәрмеңкеде  ет, сүт, жеміс-жидек, көкөніс өнімдері басқа сауда  орындарына қарағанда  10-15 пайызға төмен бағада сатылады. Мәселен, сиыр еті 1250 теңге, жылқы еті 1500 теңге тұрады.

Облыс әкімі сондай-ақ 41-разъездегі көтерме бағадағы сауда орындарын да аралады. Халық  жиі бас сұғатын  сауда орнының сатушыларымен кездесті.  Көкөніс, жеміс-жидек, тағы басқа жергілікті  ауыл шаруашылығы  өнімдерінің  бағаларын өсірмей, халыққа ыңғайлы нарықта сату қажеттігін айтты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  басшысы Құсайын Сәрсенбаевқа  халыққа тиімді жәрмеңкелердің санын арттырып, ауылшаруашылық тауарларының бағасын тұрақты ұстау қажеттігін тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями