Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Облыс әкімі мәжіліс депутаттарын қабылдады

Дата: 01 мая 2019 в 12:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев, Асылбек Смағұлов, Қанат Мусин және Снежанна  Имашеваны қабылдады.

Ақтөбе  өңіріне арнайы іссапармен келген халық қалаулылары мемлекеттік «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысатын болады.

Облыс әкімі Мәжіліс депутаттарын аталған бағдарлама бағытында  өңірдегі атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында 3, 4, 5 және 9 қабатты несие шартындағы үйлер салынды. 2019 жылдың соңына дейін 27 аз қабатты, арендалық несие шартындағы үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Халықтың әлеуметтік  мәселесі жұмыс жоспарынан тыс қалған емес, оны тізе қоса шешеміз деген ойдамын. Ақтөбеліктерді мазалайтын жол, баспана мәселесі де өз шешімін табарына сенімдімін», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Нұрсұлтандық қонақтар сондай-ақ ауыл тұрғындарымен де  кездесу өткізбек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями