Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Тіс дәрігері, электрик, футболшы — Әр ел президенттерінің ерекше мамандықтары

Дата: 09 апреля 2019 в 19:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тіс дәрігері, электрик, футболшы - Әр ел президенттерінің ерекше мамандықтары

Украинадағы президенттік сайлау бүкіл ТМД елдерінің назарын өзіне аударды. Бұл жолғы қызығушылық сайлау додасына танымал шоумен, әзілкеш Владимир Зеленскийдің түсуі себеп болды. Кеше ғана көгілдір экранда елді күлдіртіп жүрген әртістің қалайша ел президенті қызметіне үміткер болды десіп, таңғалғандар көп.  

Ел басшылығына келген адамдардың мамандығы қандай? Tengrinews.kz тілшісі әлем елдері президенттерінің мамандықтарына шолу жасады. 

Шавкат Мирзиеев — инженер-механик

Өзбек елінің басшысы Шавкат Мирзиеевтің мамандығы — инженер-механик. 1981 жылы ол Ташкенттегі ауыл шаруашылығы ирригациялары мен механизациясы институтын тәмамдаған.

Сол жылдан 1992 жылға дейін институтта бастапқыда кіші ғылыми қызметкер  болып, кейін техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алады. Оның институтта атқарған ең жоғарғы қызметі бірінші проректор болды.

Сооронбай Жәнібеков — мұғалім

Қырғыз елінің басшысы Сооронбай Жээнбеков 1976-1977 жылдар аралығында Қырғыз КСР Ош облысы Үзген ауданындағы Ленин орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған.


Фото: uznayvse.ru


© Sputnik-Кыргызстан


Студенттік жылдар. © 24.kg

1983 жылы К. И. Скрябин атындағы Қырғыз ауыл шаруашылығы институтында зооинженер мамандығын алып шығады, жоғары оқу орнын аяқтаған ол 1988 жылға дейін Ош облысы Совет ауданындағы «Совет» совхозында бас зоотехник болып жұмыс істеген.


Төменде оң жақтан екінші. © 24.kg

Ал 2003 жылы Қырғыз аграрлық университетінің экономика факультетінде «есепші» мамандығы бойынша білім алып шыққан. Болашақ президенттің 2008-2010 жылдар аралығында жеке бизнесмен болғанын айта кетейік.

Владимир Путин — заңгер

Ал Ресей президенті Владимир Путин бала кезінен тыңшылар туралы кеңес филмьдерін көріп өсіп, мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеуді армандаған. 1977 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған оның қорғаған диплом тақырыбы — «Ең қолайлы ұлттың принципі» болды.


КГБ офицерінің жеке файлынан алынған фотосурет

Осыдан кейін ол Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ленинградтағы басқармасының тергеу бөлімінде қызмет етті. Путиннің КГБ-ның Дрездендегі резидентурасында бес жыл қызмет еткенін де айтып өтейік. 

Эмомали Рахмонов — электрик

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонов орта мектепті тәмамдағаннан кейін Хатлон облысы Калининабад аудандық №40 кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға түседі. Оқу орнын аяқтаған ол Қорғантөбедегі май зауытында электрик болып жұмыс істейді, кейін 70-жылдардың басында әскерге шақырылып, Тынық мұхиты флотында матрос болып қызмет етеді.

Бұдан кейін ол саудагер де болып нәпақа тапқан. 1982 жылы Рахмонов Тәжік мемлекеттік университетінде оқып шығады. 

Илхам Әлиев — мұғалім

2003 жылдан бері Әзірбайжанды басқарып келе жатқан Илхам Әлиев Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар Институтынды оқып, 1985 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

Сөйтіп, ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының профессор-оқытушылар құрамында болған. 1991 жылға дейін өзі оқыған институтта мұғалім болып келген ол жеке бизнеспен айналысуға көшкен.

Құрбанқұлы Бердімұхамедов — тіс дәрігері

Түрікменбасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов 1979 жылы Түрікмен мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін тәмамдаған. Кейін аспирантурасында да оқыған. Медицина ғылымдарының докторы, «әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы бар.

Бердімұхамедов еңбек жолын 1980 жылы тіс дәрігері болып бастайды. Оның алғашқы жұмыс орны — Ашхабад аудандық Эррик Қала ауылындағы амбулатория. Ал екі жылдан кейін ол Ашхабад ауданының штаттан тыс бас дәрігері болады. 80-жылдардың соңында-ақ болашақ президент Ашхабад облысының штаттан тыс бас тіс дәрігері қызметіне дейін өскен. 

Джордж Веа — техник, футболшы

Либерия президенті Джордж Веа Еуропаға кеткенге дейін Либерия телекоммуникациялық корпорациясында телефон коммутаторында техник болып жұмыс істеген. 

1995 жылы ол ФИФА нұсқасы бойынша үздік ойыншы, Еуропаның үздік ойыншысы және африкалық үздік ойыншы атақтарын жеңіп алған. Әлем чемпионатына қатыспаған, бірақ Алтын доп иеленген екі адамның бірі болған ол карьерасын аяқтағаннан кейін ел басқару ісіне көшкен. 

Алайда ол карьерасын аяқтағанына 15 жыл болса да Либерия құрамасының жолдастық кездесулерінде алаңға шығып жүр. Мәселен, ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын ол өткен жылы, 2018 жылдың қыркүйегінде өткізген. 

Халтмаагийн Баттулга  — суретші, палуан

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 1982 жылы Бейнелеу өнері училищесін «суретші» мамандығы бойынша оқып шыққан. 1986 жылға дейін ол Моңғолияның Бейнелеу өнері комитетінде суретші болған. 

Ал 80-жылдардың басында болашақ президент самбо және дзюдо спорт түрлерімен айналыса бастап, ұлттық құрама мүшесі болады. Баттулга 1983 жылы самбодан әлем чемпионы болған. 

2017 жылдың 7 шілдесінде ол президенттік додаға қатысып, жеңіп шығады. Моңғол, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Дональд Трамп — риэлтор

«Президент қызметіне сайланған жағдайда бірінші әрекетім — жалақыдан бас тарту», — деп мәлімдеген Дональд Трамп 1964 жылы Нью-Йорктегі әскери академияны тәмамдаған. 

Өмір бойы киномектепте оқып, осы салаға кетуді армандаған ол жылжымайтын мүлік бизнесінің табысы молырақ болатынын түсінеді. 

Сөйтіп, АҚШ-тың 45-ші президенті Уортон бизнес мектебіне түсіп, кейін өз әкесінің жылжымайтын мүлік компаниясында жұмыс істей бастайды.

Осылайша оның табыс көзі үйлерді жалға беру болады. Кейін кәсіп нысаны ойын, қонақүй бизнестеріне, кейін тіпті сұлулық байқауларына дейін кеңейді. Осыдан кейін ғана Трамп балалық арманын орындайды — фильмдер мен телесериалдарда түседі. Кейін NBC телеарнасының тележүргізушісі қызметінде де танымал бола түскен.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями