Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Студенттер сенімді ақтайды

Дата: 21 марта 2019 в 13:12


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттері «Менің Тұңғыш Президентім» атты жастардың алғыс айту  акциясын өткізіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа  шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

— 27 жыл бойы елде бейбітшілік пен бірлікті сақтап келгені үшін, өмірі мен қызметін елі мен жеріне арнағаны үшін, мемлекетімізді дүниежүзіне танытқаны үшін рақмет айтамыз. Нұрсұлтан Әбішұлының  жастарға артқан үмітін орындауға тырысамыз  және еліміздің техникалық-инновациялық дамуына өз үлесімізді қосамыз,  — деді университеттің техникалық факультетінің  3-курс студенті Әлішер Оразымбетов.

Университетте IT мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенті Бану Өмірзақова да Елбасыға шексіз риза:

— Мен  IT-программист мамандығы бойынша білім алып жатырмын.  Болашақта   елімізде жаңа инновациялық технологиялардың  дамуына  үлесімді қосуға тырысамын. Жаңа технологияларды дамытып, ерекше бағдарламалар мобильді қосымшалар жасау арқылы  тұңғыш Елбасымыздың жастарға артқан сенімін ақтаймын деп ойлаймын.

Осылайша, ақтөбелік студенттер тұңғыш Президенттің  27 жыл бойы Қазақстан жастарының заманауи білім алуына жағдай туғызып, кәсіпкерлікпен, шығармашылықпен айналысуына толық мүмкіндік бергенін атап көрсетті.

                                                                      Баян СӘРСЕМБИНА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями