Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Пешті пайдаланғанда өрт қауіпсіздігін сақтаңыз

Дата: 15 марта 2019 в 10:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өрттің және улы газбен уланудың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері апта сайын демалыс күндері тұрғын үй секторын аралайды. Ақпан айының басында олар еріктілермен бірлесіп Алматы ауданының «Абрикос», «ШЧ-5», «Химпласт» және «Вагон депосы» бау-бақша ұжымдарында рейд жүргізді.

Рейд барысында қызметкерлер тұрғын үй иелеріне улы газ қаншалықты қауіпті екендігін ескертіп, орын алған жағдайларды мысалға келтіріп, улы және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу шараларын түсіндіріп, үй иелеріне жаднамалар мен парақшалар таратты. Сонымен қатар дауыс күшейткіш байланысы бар автокөлік арқылы тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы айтылды.

Шара барысында кейбір саяжай учаскелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзушылықтар анықталды, бұлар — ақаулы пештерді пайдалану, пештің жарықтары, ағаш конструкцияларға түтіндіктердің жанастырылып салынуы, пештің алдындағы темір төсеніштердің болмауы, жанғыш материалдарды (отын, киім) пешке жақын сақтау және кептіру.

Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды жылыту мауысымы кезеңінде төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

– мұржаларды тазарту;

– пештер мен түтін мұржаларын қалағанда жарықтарды дер кезінде сылау және әктеу;

– пеш есігінің төменгі жағында еденде көлемі 50х70 см-ден кем емес темір төсеніш болуы қажет.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің осы қарапайым талаптарын орындау Сізді және сіздің отбасыңызды күтпеген жағдайлардан құтқарады.

Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями