Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Мақсат — ортақ

Дата: 08 марта 2019 в 14:32


Облыс басшысы Оңдасын Оразалин өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген қыз-келіншектермен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады және  «Бір түп алма ағашы» фильмін көруге шақырды.

Шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, түрлі сала ардагерлері, көпбалалы аналар, патронат тәрбиешілер қатысты.

Әйелдер облыс әкімімен бірге өзекті тақырыптарды талқылады. Көпбалалы аналарға көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері қозғалды.

— Сіздердің әрқайсыларыңыз өздеріңіздің еңбектеріңізбен, азаматтық ұстанымдарыңызбен құрмет пен беделге иесіздер. Маған жұртшылық пікірін уақытында тыңдаған, соған жедел әрекет еткен маңызды. Біздің мақсатымыз — ортақ. Серіктестігіміз жемісті боларына сенімдімін, —  деп облыс басшысы жиналғандарға жылы лебізін білдірді.

Кездесуде Қазақстанның Еңбек Ері, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамының төрайымы Құралай Байменова өз жұмысында ортақ іске лайықты үлес қосатындықтарын айтты. Облыс прокуратурасы ардагерлер кеңесінің төрайымы Мәрия Тәжібаева облыс басшысына фильмді көруге шақырғаны және құттықтауы үшін алғыс сезімін білдірді. «Үш таған» журналының редакторы Бақыт Жаншаева облыс басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына ерекше назар аударуын сұрады. «Мұғалім» мектебінің директоры Юлия Савченко «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру бірегей орталығының қыз балалардың қалыптасуында атқаратын рөлін атап көрсетті.

Кездесу соңында оған қатысушыларға облыс әкімі атынан гүл шоғы мен сыйлықтар тапсырылды.

А.НҰРБАЕВА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями