Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ең бастысы — рухани құндылықтар

Дата: 09 января 2019 в 11:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дүйсенбі күні ақтөбелік православ дінін ұстанушылар басты христиан мерекелерінің бірі — Рождество мейрамын атап өтті. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Свято-Никольский кафедралық соборында таңертеңгі мінәжат ету шарасына қатысып, жиналғандарды осы мерекемен құттықтады.

Православ шіркеуі жыл сайын жаңаруды бейнелейтін осы мерекені 7 қаңтар күні лайықты түрде қарсы алады.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев шіркеуге жиналғандарды құттықтай келе, қазақстандық қоғамдағы бірлік пен төзімділіктің маңыздылығына тоқталды.

— Қымбатты қауым! Рождество — барлық христиан әлемі үшін ұлы күн. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да бұл күнді жарқын мереке ретінде атап өту тарихи қалыптасқан. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты барлық дін атаулы мен конфессиялардың дамуы, олардың салт-дәстүрлерінің сақталуы, осы ауқымдағы мерекелерді атап өтуге бағытталған.

Рождество барлық адамзат баласын бейбітшілікке, достыққа, мейірімділік пен ізгілікке шақырады. Біздің бәріміздің міндетіміз — Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтау, байлықты молайтып, дәстүрлерімізді келер ұрпаққа табыстау.

Біз барлық мерекелерді — Рождествоны да, Құрбан айтты да, Пасханы да үнемі бірлесіп атап өтеміз, өйткені көпұлтты елде тіршілік етіп жатырмыз. Сондықтан да біз өзара түсіністікпен және келісіммен өмір сүріп, бейбітшілікті сақтауымыз керек, сонда ғана тұрақтылыққа қол жеткіземіз, ал ол дегеніңіз — табысты дамудың кепілі екені мәлім.

Мен облыс басшылығы атынан сіздерді тағы да құттықтай отырып, барлығыңызға денсаулық, достық, өзара түсіністік, сондай-ақ сіздердің отбасыларыңызға игіліктер тілеймін, — деді Бердібек Сапарбаев.

Свято-Никольский кафедралық соборының бас діни қызметшісі Нектарий барлық ақтөбелік православтық діни қауым атынан облыс басшысына алғыс сезімін білдіріп, бейбітшілік пен келісім құндылықтарының жоғары екеніне тоқталды.

 Дидар БІРМАНОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями