Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Облыс намысын қорғайды

Дата: 09 января 2019 в 11:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбеде оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Шараға барлығы 823 оқушы қатысып, республикалық кезеңге  жаратылыстану бағыты бойынша 55, гуманитарлық бағыт бойынша 28 оқушы жолдама алды.

Биылғы жылғы облыстық олимпиаданың басты ерекшелігі — кабинет кезекшілігіне оқушылары қатыспаған мектеп мұғалімдерінің тартылуы болды. Сонымен қатар жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің  ашық және әділ өтуін ұйымдастыру  мақсатында 40 тәуелсіз бақылаушы қатыстырылды. Облыстық білім басқармасының бұйрығымен бекітілген тәуелсіз бақылаушылар тізіміне «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы мен  білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері, ардагер ұстаздар және ата-аналар комитетінің мүшелері енді.

Олимпиадаға аудандық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен — 418, қала мектептерінен — 271, облыстық  білім беру ұйымдарынан 134 оқушы қатысты.

Шараның республикалық кезеңі  жаратылыстану бағыты бойынша биыл 15-20 наурызда Ақтөбе қаласында, ал гуманитарлық пәндер додасы 25-30 наурызда Қызылордада өтеді.

Былтырғы  2017-2018 оқу жылында  аталған олимпиаданың облыстық кезеңіне    896 оқушы қатысып, 412 жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңге облысымыздан  66 оқушы қатысып, оның 25-і жүлдегер атанды. Сондай-ақ облыстың үздік оқушылары, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшелері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында бірнеше жыл қатарынан «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями