Қызылордада тарихшылар слеті өтті

Дата: 19 октября 2018 в 12:54 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта NewTimes

Слеттің негізгі мақсаты – «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, мектептерде «Өлкетану» пәнін енгізу, оны оқытудың негізгі мәселелері  төңірегінде және  алғашқы астана саналатын Қызылорда қаласының көне замандардан бүгінге дейінгі тарихы туралы мәселелерді талдау болып табылады.

Слетте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Т.Я.Сәтбай «Өлкетану – Отандық тарихтың құрамдас бөлігі», Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері Еркебұлан Алдабергенұлы Елеуов «Сыр өңіріндегі кесенелер мен мұнаралы ескерткіштер», «Археология, этнография ғылыми-зерттеу» орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Тәжекеев «Ортағасырлық Сортөбе (Ордазы) қалашығындағы археологиялық зерттеулер» Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Еңлік Әбілқасымқызы Баймырзаева «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын жүзеге асырудағы музейлердің рөлі», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Әнешұлы Тұяқбаев «Сыр өңірі тарихы көркем шығармаларда» тақырыбында баяндама оқыды.

Слет жұмысына облыстағы, қаладағы, аудандағы білім мекемелерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары қатысты.