Иісті газ – тілсіз жау

Дата: 16 октября 2018 в 10:12

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Күн суыта бастағанда өрт қаупі және улы газбен улану оқиғаларының орын алуы жиілей түседі. Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, өкінішке орай, бұл жағдай жылдан-жылға қайталанып отырады.

Жылу беру маусымының қарсаңында өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде жылдың суық мезгілінде жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан қалалық тұрғын үй секторында аула аралау профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына аса назар аударылады, себебі өрттер мен улы газдан улану оқиғалары көбінесе солардың тұрғылықты жерлерінде орын алады.

Өрттердің, улы және табиғи газбен улану оқиғаларының негізгі себептері – бұл жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу, ақаулы газ құралдары мен қолдан жасалған электр жылыту құралдарын пайдалану, сонымен қатар отты абайсыз пайдалану.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде тұрғындар арасында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде «Улы газ», «Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы», «Тұрғын үйлерде пештерді орнату кезінде қауіпсіздік ережесімен міндетті талап нормалары» тақырыптарында жаднамалар мен парақшалар таратылды.

Құрметті қала тұрғындары!

Қатты отынмен жанатын пеш жабдығына салғырт қарау — мезгілсіз өлімнің себебі болуы мүмкіндігін ұмытпаңыздар. Өз үйлеріңіздегі пештерге көңіл бөліп, өздеріңізді және жақындарыңызды қайғылы оқиғаларға ұшыратпас үшін оларды ретке келтіріңіз. Әсіресе, жылы және ылғалды ауа райы кезінде жану өнімдерінен улану ықтималдығы жоғары. Өздеріңізді және өз жақындарыңызды сақтаңыздар!

 Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.