Жастар жылы — жауапкершілік жүгі

Дата: 13 октября 2018 в 16:12

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жұртшылық тарапынан өзгеше қолдауға ие болғаны сөзсіз. Себебі бұл жолғы көтерілген мәселелер де елімізде өмір сүріп жатқан азаматтардың қарапайым өз ауласында спортпен шұғылдануынан бастап, қауіпсіздігіне дейінгі мәселелерді қамтыды. Бюджеттік қызметкерлер мен ұстаздарымызға арналған бастамалар да бүгінгі қоғамға қажетті өзгерістердің бірі де бірегейі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деп жасампаз елдің жастарына қай уақытта да үлкен сеніммен қараған. Елбасы бұл жолғы Жолдауында да бізді назардан тыс қалдырмады. Келер жылдың Жастар жылы болып жарияланатыны — қуанышты бастама. Осыған сәйкес, жастардың түрлі жобаларды жүзеге асыруына, жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар жүргізіледі деген ойдамын.

Бүгінде біздің алдымызға қойылып отырған ортақ міндет дамыған 30 елдің қатарына ену болса, осы жолда жастардың қосар үлесі зор. Елбасы Жолдауындағы нақты қойылған тапсырмалар халықтың, әсіресе, жастардың өмір сүру деңгейін арттыруға мол серпін береді деп сенемін.

 Саламат ӘБІЛОВ,

«Нұр Отан» партиясының

 Әйтеке би аудандық филиалы

 жанындағы «Жас Отан» жастар

қанатының төрағасы.