Атырау облысының жәрмеңкесі болып жатыр

Дата: 13 сентября 2018 в 19:39

По сообщению сайта Новости Астаны

Өткенде жазғанымыздай, бүгін Елордамызда Атырау облысының ауыл шаруашылық өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. 

Жәрмеңкеге сағат 10-дар шамасында барғанымызда, адам санының аздығы байқалды. Әрине бұған таңертеңнен жауған жауын мен бүгінгі сенбінің жұмыс күні болғандығы себеп. 

Соған қарамастан астаналықтар жәрмеңкеге біршама жиналып қалыпты. 

Айта кететіні, Атырау аймағының барлық аудандары өз өнімдерін әкеліп, іс-шараға белсене қатысуда екен.

«Астана тұрғындарын қаланың 20 жылдығымен құттықтай отырып, біздің өңіріміздің жәрмеңкесіне шақырамыз! Өтіп жатқан іс-шара өңірлер арасын одан ары жақындастыра түсетіні анық! Ауа-райы біраз қолайсыздау болып тұр, дегенмен күннің райы ашылса азаматтар да ағылатын шығар» — деп ағынан жарылды Атырау облысы әкімі орынбасары Наутиев Әлібек Ибатоллаұлы.  

Ауылшаруашылық бөлімі басшысы Қ. Жанқуатов мырзаның айтуынша, қала тұрғындарына 40 тонна балық өнімі, 20 тонна ет өнімі, 20 тонна басқа да өнімдері ұсынылып отыр.

Балық демектей, балықтың түр-түрі әкелінген.

Ал енді мына бір ағамыз үйіне асығуда...

Атырау облысының жәрмеңкесі бүгін және ертең жалғасады.

Комментарии предназначены для общения, обсуждения и выяснения интересующих вопросов