Ақ Жайық өңірінің барысы: «Жерлестерімнің сенімдерін ақтауға тырысамын»

Дата: 15 июня 2018 в 10:34 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта NewTimes

«Тана сұлтаны» деген лақап аты бар Темірлан – бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы маңдайалды балуандардың бірі. Самбо мен дзюдо бойынша ұлттық құрама сапына ел мерейін асқақтатып жүрген бұл жігіт соңғы кездері қазақ күресінен де жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

1995 жылы Бөрлі ауданында дүниеге келген ол он бір жасынан бастап спортты жанына серік етіп келеді. Оның алғашқы бапкері, дзюдодан БҚО бойынша қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Қасым Қаженовтың айтуынша, Темірлан күрес залына келген бойда-ақ өзінің шымырлығымен, спортқа бейімділігімен екен. Артынан белгілі болғандай әкесі Нұртас та жас кезінде бозкілемнің шаңын қағыпты. Әке тәлімі көп балалы бұл отбасындағы өзге де ұлдарға дарыған. Мәселен, Темірланның інісі Теміржан бүгінде қазақ күресінен, самбодан жасөспірімдер арасында облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, ел чемпионатының мен «Жас барыс» республикалық турнирінің күміс жүлдегері. Ал Есбол күрес үйірмесіне енді қатысып жүр. Замир Хамзин деген тағы бір інісі қазақ күресінен ҚР біріншілігінің қола жүлдегері.

БҚО спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында тәлім алған Темірлан алғашқы ірі жетістігіне 2011 жылы қолжеткізді. Яғни балғын дзюдошы Ливан елінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болып оралды. Артынан талай жарыста топ жарды. Сөйтіп самбо мен дзюдо күрестері бойынша еліміздің бірнеше дүркін чемпионы атанды. Батысқазақстандықтардың ендігі үміті — оның олимпиадаға барып, қазақ елімнің абыройын асқақтатуы.

Жылдағы дәстүрге сай, биыл да мамыр айында «Қазақстан барысы» сайысының облыстық кезеңі өткені белгілі. 13 балуан қатысқан БҚО-дағы сайыста Темірлан қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңіп, бас жүлдегер атанды. Былтыр күміс жүлдегер атанып, «Қазақстан барысы» VII республикалық турнирінде сынға түскен Темірлан алғашқы белдесуде-ақ ақтөбелік Шыңғыс Шоқпытовтан жамбас ұпайымен ұтылған еді. Самбодан болған ел чемпионаттарында Шыңғыстан айласын асырып жүрген Темірланның бұл жеңілісін бапкерлері айтулы додаға алғаш қатысуына байланысты болған қобалжуымен түсіндіреді. Биыл ондай жайттар орын алмауы керек.

«Бұл турнир Елбасымыздың жүлдесіне арналғаннан кейін оған тыңғылықты дайындық қажет. Мұнда кіл мықтылар келетіні анық. Биыл дайындығым жақсы. Таяуда Монғолияда самбо күресінен Азия чемпионаты өтіп, одан қола жүлдегер атандым. Таяуда Алматыға барып шеберлігімді шыңдап келдім. Қазір Оралда сайысқа тыңғылықты дайындалып жатырмын. Қазақ спортының үлкен тойына айналған «Қазақстан барысында» жерлестерімнің сенімдерін ақтауға тырысамын», — дейді Темірлан Көлбай.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале