Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қарияларға құрмет көрсетті

Дата: 10 мая 2018 в 10:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жеңіс мерекесі қарсаңында, Отан қорғаушылар күнінде, Ақтөбеде ардагерлерді құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова 93 жастағы Григорий Прихно мен Абдолла Нұсқабайды Жеңіс мерекесімен құттықтап, олардың шаңырақтарына барды. Ардагерлер қонақтарды омыраулары орден-медальдарға толы, сәнді киініп, ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ортасында қарсы алды. Ербол Нұрғалиев пен Күлпаршын Айдарханова ардагерлерге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізіп, сыйлықтар табыстады.

Григорий Прихноның зайыбы Анастасия Ананьевна да — соғыс ардагері. Ербол Нұрғалиев оларға жүрекжарды тілегін:

— Біз сіздердің ауырмай-сырқамай, немере-шөберелеріңіздің жетістіктеріне қуанып, аман-сау жүргендеріңізді тілейміз. Біз аталарымыз бен әкелеріміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Бұл — Сіздердің жанқиярлықтарыңыздың арқасында келген жеңіс. Сіздердің ерліктеріңізді біз өз Отанын сүюдің, қаһармандықтың өшпес үлгісі ретінде мақтан тұтып, өскелең ұрпаққа өнеге етеміз, — деп жеткізді.

Григорий Прихно Мәртөк ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда, ол мектепті енді ғана бітіріп, пошта бөлімшесіне жұмысқа тұрған балғын жас еді. Небәрі 16 жасар Григорий әскери комиссариатқа өтініш жолдап, соғысқа сұранды. Ал комиссариаттан өтінішінің қабылданбайтыны жөнінде жауап келгенде, соғысқа қашып кетпекші де болыпты. 1943 жылы ол майданға шақырту алды.

— Маған Башқұртстандағы 87-запастағы атқыштар полкіне жолдама берілді. Ол жерде жас жауынгерлерге қару-жарақты қалай қолдану мен радиобайланысты пайдаланудың қыр-сырын үйрететін. Осы жерде бірнеше ай оқып, жаттықтық. Содан кейін 1-Украина майданына аттандым, — деп еске алды Григорий Андреевич.

1944 жылы ол Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И. К. Корчагин басқаратын 7-жеке механикаландырылған корпустың 9-ротасында бөлімше командирі болып тағайындалды. Корпус жауынгерлері Украина майданының ең ауыр шайқастарын бастан өткерді. Григорий Прихно солардың қатарында Украинаны азат етуге, Пруссия жерінде жауды талқандауға қатысып, Берлинге дейін жетті. Өзінің ерлігімен көзге түсіп, бас қолбасшы Сталиннен бес рет алғыс хат алды. Жеңістен кейін оны басшылық 7-гвардиялық механикаландырылған корпус сапында Чехословакия жеріне жіберді. Мұнда ол 1950 жылдың мамыр айына дейін болды. Сөйтіп, 7 жылдан кейін ғана елге оралды. Ол — Қызыл Жұлдыз орденінің иегері. Соғыстан соң ішкі істер органдарында еңбек етті. Облыстық ішкі істер басқармасында бөлім бастығының орынбасары қызметіне дейін жоғарылап, жасы келуіне байланысты отставкаға шықты.

Анастасия Ананьевна да майданға 1943 жылы аттанған. Жасы 18-де еді. Оны Туладағы 1-Белорус майданы жанындағы госпитальға медбике етіп жіберді. Ол ауыр жарақат алған майдангерлерге көмек көрсетті. Бұл тіпті де оңай емес еді: айнала — жылаған, қиналған жандар… Жеңісті Польша жерінде қарсы алды. Елге оралған соң, Ақтөбедегі темір жол ауруханасына фельдшер болып орналасып, сол жерден зейнеттік демалысқа шықты.

Олардың шаңырақ көтергендеріне 67 жыл болған. Екі бала тәрбиелеп-өсіріп, бүгінде бес немере мен үш шөбереге ата-әже атанған.

Ербол Нұрғалиев пен Күлпаршын Айдарханова бұл күні ардагер Абдолла Нұсқабайдың шаңырағында да болды. 7 мамыр күні ол 93 жасқа толған еді. Абдолла Нұсқабай жары Әлиламен бірге он бала тәрбиелеп өсіріп, қазір немере-шөберелер сүйіп отыр.

Өзінің құттықтау сөзінде Ербол Нұрғалиев:

— Сіздер Отанның азаттығын қорғап қана қоймай, болашақ ұрпақтардың бейбіт те бақытты өмір сүруі үшін де күрестіңіздер. Осынау ұлы ерліктеріңіз үшін, сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздармыз, — деп атап өтті.

Айжан ШАУКУЛОВА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті