Ақпараттық топ өкілдері апта бойы аралады

Дата: 17 апреля 2018 в 11:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінен бастап Темір ауданына «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» аясында 7 топ өкілдері келіп, апта бойы жұмыс істеді.

Топ мүшелері «Ауқымды түсіндіру жұмыстары», «Бизнес ортаның дамуы», «Әлеуметтік мәселелердің шешімі», «Ақпараттық қызмет», «Дін сұрақтары» бағыттары бойынша аудан орталығы мен ауылдық округтердің елді мекендерінде болды.

Алғашқы кездесу аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің төрағалығымен өтті.

Бұдан кейін «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова бастаған топ өкілдері аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Оған облыстық ішкі саясат басқармасы, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің басшысы А.Елбосынов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Әбенов, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықты ақпараттандыру бөлімінің басшысы С.Оңғар, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, ауған соғысының ардагері М.Қойлыбаев қатысты.

Кездесу барысында топ мүшелері Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа Үндеуі жайында сөз қозғап, аудан тұрғындарына толыққанды мәліметтер берді.

***

Ақпараттық топ өкілдері «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» жұмыстары бойынша Кеңқияқ ауылындағы «КМК Мұнай» ЖШС кәсіпорнында мұнайшылар қауымымен, ауыл  тұрғындарымен кездесті. Мұнда ақпараттық топ өкілдері «Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» турасында тұрғындарға жан-жақты мәліметтер берді. Кездесу барысында Кеңқияқтың тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарды қойып, мамандардан нақты жауап алды. Террористік актілер қауіптілігіне дайындыққа қатысты тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылды.

 Назира ХАЙРОЛЛА,

Темір ауданы.

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті