Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Нұрлы жер» бағдарламасы: биылғы меже — 8000 пәтер

Дата: 27 марта 2018 в 01:22

«Нұрлы жер» бағдарламасы: биылғы меже — 8000 пәтер

Бүгінде халықты жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының атқарып отырған жұмыстары ауқымды. Бұл ретте республика бойынша Ақтөбе облысының алдыңғы қатарда келе жатқаны белгілі болып отыр. Соған қарамастан алғы күндерге белгіленіп отырған жоспар бұрынғыдан да қомақты. Мұның өзі жұмысты жүйелі әрі қарқынды ұйымдастыруды, барлық мүмкіндікті сапалы құрылыс жүргізуге бағыттауды талап етеді.

Облыс әкімдігінде осы мәселені қараған жиында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев аталған бағдарламаны жүзеге асырушылар алдына нақты міндеттер қойды.

— «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша жоспардағы 650 мың шаршы метр орнына 792,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл — 6602 пәтер немесе, нақтылап айтатын болсақ, 1879 жеке үй мен көп қабаттағы үйлердегі 4723 пәтер. Біз жаңа тұрғын үйлер аумағында инфрақұрылымдарды жасақтап, әлеуметтік салаларды дамытуды қолға алудамыз. Бұл жұмыстар алда да жалғасын таба беретін болады, — деді облыс әкімі.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 870 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда. Бұл ауқымды міндет бірнеше бағыт бойынша жүзеге аспақшы.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы несиелік тұрғын үй беру негізінен облигация шығару жолымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі №1 шағын ауданда үш, төрт және бес қабатты 36 тұрғын үй салынбақшы. Кірпіш, панель және керамзитті блок, тағы да басқа материалдарды пайдалану арқылы әртүрлі технология бойынша салынатын жалпы мөлшері 1655 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы «Соллерс» ЖШС, «Ақтөбе Сәулет» ЖШС, «Ерен Групп» ЖШС, «Глобал Бизнес Строй» ЖШС, «Динамо» ЖШС кәсіпорындары қатысуымен бой көтереді деп күтілуде. Қазір құрылысшылар жер қазу, іргетасты салу, тағы басқа жұмыстарды бастап та кетті.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтағы адамдар тобы үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысына биыл республикалық бюджеттен 1525,0 миллион теңге бөлінді. Бұл тұрғын үйлер Алға, Қарғалы, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында салынады. Осы бағыттағы шаруаларды атқаруға жергілікті бюджеттен 781,8 миллион теңге қарастырылды.

«Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде салынып жатқан несиелік тұрғын үйлер саны 855 пәтерді құрайды. Бұл бағыттағы құрылыстар пәтерлерді сатудан түсетін қайтарымды қаржы есебінен салынады.

«Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында 356 пәтерлік 9 қабатты үйді «Grand Complex» ЖШС құрылысшылары салуда. Бұл ғимарат биылғы жылдың қазан айында пайдалануға берілмекші.

Облыс орталығында коммерциялық тұрғын үй салудың да үлесі қомақты. Биыл жұртшылық игілігіне 2500 пәтер берілмекші. Оны салуға қаладағы ірі құрылыс ұйымдары қатысуда.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы «Жаңатұрмыс» тұрғын үй массивінде 366 бір қабатты үйлер салу үшін қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Аталған жоба құны 4,9 миллиард теңгемен есептеліп отыр. Мәселе оңды шешілген жағдайда бұл үйлерге су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы азаматтар қоныстанбақшы.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Нұрлы жер» бағдарламасының облыс орталығындағы жүзеге асу барысына тоқталып, алдағы атқарылатын істермен таныстырды.

— «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты қалада ауқымды жұмыстар жүргізілуде, — деді ол. — Біз биылғы жылы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, пайдалануға берілетін тұрғын үй аумағын 1 миллион шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй массивтерінде әлеуметтік қызмет көрсету орындарының, мектеп, балабақшаның жұмыс істеуін басты назарда ұстаудамыз. Қазір №4 шағын ауданда мектеп құрылысы жүргізілуде, оны жаңа оқу жылында пайдалануға береміз деп отырмыз. Құрылыс салу барысында инженерлік желілердің жұмысын жолға қоюға ерекше көңіл бөлінуде.

Жиында жаңадан салынып жатқан шағын аудандарға қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін оңтайлы шешу жайы қарастырылды. Сондай-ақ әрбір үй алушымен  «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ арасында екі жақты мүдделілік, түсіністік қалыптасуы туралы да пікірлер білдірілді.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев тұрғын үй алушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

— Ең бастысы — сапалы тұрғын үй салу, содан кейін клиенттермен жұмыс істей білу қажет. Біз әлеуметтік мәселелерді, коммуникация құрылымдарын оңтайлы шешуді міндетімізге аламыз. Жетім балаларға үй беру мәселесін де аталған бағдарлама аясында қарастырғанымыз жөн. Сондай-ақ, пәтерлердің ішкі бөлінісін сұраныс бойынша жоспарлауды да ойластыру қажет, — деп атап көрсетті жиын қорытындысында облыс әкімі.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті