Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Үшінші тоқсанның үлесі

Дата: 20 марта 2018 в 01:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облысымыздың 2018 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Ақшалай табыстар

2017 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 70 635 теңгені құрады.

2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 5,8 пайызға өсті және нақты ақшалай табыстар өзгеріссіз болды.

Жұмыс

2018 жылғы ақпанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 5,9 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 1,3 пайызы.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,1 пайызын құрады.

Жалақы

2017 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 138 232 теңгені құрады. Сөйтіп, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,7 пайызға өсті.

Нақты жалақы индексі 2016 жылғы IV тоқсанға 102,1 пайызды құрады.

Баға

 Тұтыну бағасының индексі 2018 жылғы ақпанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,4 пайызды құрады.

Бағалар халыққа ақылы қызмет көрсету бойынша — 2,2 пайызға, азық-түлік тауарларға — 1,2 пайызға, азық-түлік емес тауарларға  — 0,7 пайызға өсті.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 2018 жылғы ақпанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,5 пайызға қымбаттады.

 Инвестиция

2018 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32 051,4 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 32,8 пайызға көп.

Заңды тұлғалар

 Тіркелген заңды тұлғалар саны 2018 жылғы 1 наурызға16 916 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға артты.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11 626 болды немесе тіркелгендер санына қатысты 68,7 пайызды құрады.

Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 98 пайызды және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 97,1 пайызды құрады.

Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 14 175 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,5% артты.

 Сауда

2018 жылғы қаңтар-ақпандағы сауда (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу) саласы бойынша нақты көлем индексі 117 пайызды құрады.

Биылғы жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 64 379 миллион теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

Биылғы жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 120 401,4 миллион теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 25,3 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

Үстіміздегі жылғы қаңтарда облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 101 033,9 мың АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 12,9 пайызға көбейді, оның ішінде экспорт — 59 334,4 мың АҚШ долларын құрады (41,3 пайызға көбейді), импорт — 41 699,5 мың АҚШ долларын құрады (12,1 пайызға азайды).

Өнеркәсіп

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 251 232,3 миллион теңгені құрады, сөйтіп 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,1 пайызға өсті.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау — 28,5 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 9,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің көлемі — 4,1 пайызға, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 2,8 пайызға өсті.

Өнімдер

2018 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы 15 658,7 миллион теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,4 пайызға артты.

Көлік

Үстіміздегі жылғы қаңтар-ақпандағы көлік (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 121,6 пайызды құрды.

Жүк айналымы

2018 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 890,2 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 100 пайызы құрады.

Жолаушылар айналымының көлемі 2360,9 жүк-километр құрап, 2,5 пайызға артты.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті