ШҚО-да жаңа туған сәби ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

Дата: 01 февраля 2018 в 17:59

По сообщению сайта Zakon.kz

ШҚО-да жаңа туылған нәресте тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше, сағат 10.00-де, Өскемен базасындағы Eurocopter-027 тікұшағы Санавиациялық дәрігерлермен Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданына жаңа туылған сәбиді Өскемен ауруханасына жеткізіп, шұғыл көмек көрсету үшін ұшып шықты», — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің қадағалауымен, сәби «Қазавиақұтқару» АҚ кәсіби ұшқыштары басқарған Eurocopter-027 тікұшағымен «Ана мен Бала орталығына» жеткізілді.