Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбеде өртенген автобус: қайғылы оқиғаның анық-қанығы енді айтылады

Дата: 19 января 2018 в 13:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбеде өртенген автобус: қайғылы оқиғаның анық-қанығы енді айтылады

Облыс әкімдігі ғимаратында жұмаға ауған түнде Үкіметтік комиссия өкілдері Ырғыз ауданында өртенген автобусқа қатысты түсінік берді.

18 қаңтар күні таңертең «Самара-Шымкент» тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртеніп, оқиға салдарынан 52 адам мерт болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Астана уақытымен сағат 10.30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда 57 жолаушы отырған «Setra» маркалы қоғамдық көліктен төтенше оқиға кезінде тек 5 адам ғана (үш көлік жүргізушісі мен екі жолаушы) сыртқа шығып үлгерген.

Аталған жағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдап, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

«Орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіре отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», — делінген жеделхатта.

Өз кезегінде Үкіметтік комиссия өкілдерімен өткен жиында Қазақстанның Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр оқиға туралы жалпы түсінік беріп, қазіргі таңда арнаулы зерттеу топтарының жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
— Қазан қаласына аттанып бара жатқан автобуста, алдын ала мәлімет бойынша, 57 адам зардап шеккен. Оның 52-сі бақилық болса, 5-еуі өз күшімен сыртқа шыққан. Олардың үшеуі — Қазақстан азаматы, екеуі өзбекстандық. Бүгін Үкіметтік комиссия өкілдері оқиға орнына ұшып барды. Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, — деді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мамандарға ауа райының қолайсыздығы да кері әсерін тигізіп тұрғанын атап өтті.
— Оқиғаның өзі ауқымды болғандықтан әрі ауа райының қолайсыздығы бар, сала мамандарына жұмыс оңайға соғып жатқан жоқ. Қазіргі уақытта 44 мүрде анықталды. Қатты күйік шалғандықтан, мәйіттердің кейбірінің кімдікі екенін анықтау мүмкін болмай жатыр. Сондықтан оларды мәйітханаға жеткізген соң ғана аты-жөнін анықтау жұмыстары жүргізілмек. Осы орайда автобустың салоны түгелдей дерлік жанып кеткенін айтып өткім келеді. Сондай-ақ, ол жақта ешқандай жол-көлік оқиғасының болмағанына, одан қылмыс іздері анықталмағанына ерекше тоқталсам деймін. Апаттан аман қалған 5 адамның сөзі де бұған дәлел бола алады. Олардың айтуынша, өрт автобус салонында тұтанған. Соның салдарынан жолаушылар иістен уланған. Екі қабатты автобуста жүк те көп болған, бұл да жоғарыда отырғандардың тысқа шығуына кедергі келтірген, — деді Ерлан Тұрғымбаев.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой өз сөзінде ауруханаға жеткізілген 5 адамның жалпы жағдайы тұрақты екенін, екеуінің қолын аздап күйік шалғанын, бәрінің негізінен уланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда аталған жолаушылармен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов төтенше жағдайға байланысты жергілікті билік тарапынан барлық көмектің көрсетіліп жатқанын, бұл жөнінде алдағы уақытта толыққанды ақпарат берілетінін айтты.
Айта кету керек, Өзбекстанда да осы қайғылы жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, оларға апаттың туындау себептерін айқындау, ел азаматтарының тұлғасын тану бойынша шараларды жүргізу міндеттері жүктелген. Сондай-ақ комиссияға қаза тапқандардың денесі мен зардап шеккендерді Отанына жеткізуді, олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру тапсырылыпты. Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда өртенген автобуста қаза тапқан азаматтарды алып кету үшін Ташкенттен арнайы рейс ұшып келді.

Айбек ТАСҚАЛИЕВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті