Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жаңа міндеттер жүгі

Дата: 18 января 2018 в 01:52

Жаңа міндеттер жүгі

Ж О Л Д А У

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауын тұрғындарға насихаттау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық топтың өкілдері Алға ауданында болды.

Басқосуды Алға ауданының әкімі Н.Алдияров ашып, ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Қ.Қамалхан Елбасы Жолдауына байланысты хабарлама жасады. Ол өз сөзінде заманауи білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті, жан-жақты, көп тіл білетін маман даярлау керектігін баса айтты. Сондай-ақ білім саласында еңбек ететін мамандардың жағдайын жасау, олардың еңбекақысын көбейту, оқушылардың оқу жүктемесінің төмендетілуі, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту туралы пікірлер де назардан тыс қалған жоқ.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Техникалық кибернетика және тасымалды ұйымдастыру» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Гүлнұр Қазыбекова білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін айта отырып, Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы университетте заманауи технологияларды енгізу ісіне тоқталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Қ.Тоқышев азаматтардың конституциялық құқықтары кепілдіктерін одан әрі нығайту, заңның үстемдігі қағидаларын бекіту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру туралы Мемлекет басшының берген тапсырмаларын ерекше атап өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары аясында превентивті шараларды қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Жиынға қатысушылар Жолдауға қатысты пікірлерін білдіріп, өз сауалдарын қойды.  Жалпы Алға ауданы бойынша өткен 4 кездесуге барлығы 450-ге жуық адам қатысты.

Жеңіс ҚОНЖАРҰЛЫ,

 ардагер ұстаз.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті