Талдықорған түбіндегі ұшақ апатына кімнің кінәлі екені белгілі болды

Дата: 15 января 2018 в 11:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әскери сот ҚР қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімшесінің Су-27 ұшағының апатқа ұшырауы туралы іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Істің материалына сүйенсек, ұшқыштың әрекеті салдарынан оң және сол жақ қозғалтқыштар істен шыққан.

«Майор И. ұшуға дайындалу ережелерін бұза отырып, Су-27 жанармайын текерместен, ұшақты қабылдап, әуеге көтерілген. Ұшқан кезде жанармайдың аздығына байланысты арнайы құралдар белгі береді. Алайда И. құралдардың дұрыс істейтініне күмән келтіріп, жетекшіге жанармай мөлшерін анағұрлым жоғары деп айтқан. Майор И. әрекеті ұшақты апаттық жағдайға дейін жеткізіп, жанармай таусылғанда оң және сол жақ қозғалтқыштары істен шығады. Содан кейін ұшқыш ұшақтан секіріп кетіп, Су-27 Талдықорған аэродромынан 20 шақырымдай жерге құлап бұзылған», — делінген сот хабарламасында.

Майор И. айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Әрі әскери ұшақтарды пайдалануға қатысты қызметтен 4 жылға шеттетілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


По сообщению сайта Zakon.kz