Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әскерилер арасында

Дата: 11 января 2018 в 00:32

Әскерилер арасында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құралай Қаракен мен Бақытбек Смағұл №6655 әскери бөлімінің қызметкерлерімен және жас сарбаздармен кездесті. Кездесуге сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Көпенов қатысты.

Әскери бөлімге келген халық қалаулылары алдымен, 2016 жылғы маусымда лаңкестердің шабуылдауы барысында көз жұмған әскери қызметшілер монументіне гүл шоқтарын қойды. Кейін, офицерлермен, келісімшарт негізінде жұмыс жасап жатқан әскери қызметкерлермен және сарбаздармен жүздесіп, кездесуге арнайы келгендегі басты мақсаттарын ортаға салды.

— Біз тек Парламент аясындағы әскери азаматтар жөнінде қабылданған заңның ғана мәселесімен келген жоқпыз.  Еліміздің өркендеуінің, өсуінің, дамуының бірден-бір айғағы — Ұлттық Ұлан екені белгілі.  Тәуелсіз елдің іргесін, тұрақтылығы мен тыныштығын қадағалау, осы құрамда қызмет ету кез келгенге берілетін бақыт емес.  Қазақстан Республикасының әрбір азаматының тағдырын сіздерге тапсырып, қолдарыңызға қару беріп, үлкен бір елдің жүгін, жауапкершілігін жүктеп отыр. Қауіпсіздігімізді қорғайтын, сақшылық танытатын — сіздер. Атқарып жатқан жұмыстарыңызға алғыс айтамын, — деді Бақытбек Смағұл.

Бұдан соң Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен сөз алды.

— Біздің сапарымыздың  мақсаты — халықпен, яғни сайлаушылармен кездесу. Тұрғындардың басты мәселелерімен танысып, кездесу барысында айтылған өзекті ойларын Парламент отырысында көтеру.  Елбасы тапсырмаларының бірі — депутаттардың барынша халықпен тығыз байланыста жұмыс жасауы.   Бүгінде, Сенат және Мәжіліс депутаттары тарапынан үлкен жұмыстар атқарылып жатыр, — деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс  депутаттары 12 қаңтарға дейін өңірдің еңбек ұжымдарымен кездесіп, өндіріс орындарының, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады. Бүгінге дейін Қарғалы, Алға, Мұғалжар,Темір аудандары тұрғындарымен кездесті.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті