Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әлеуметтік нысандарды аралап көрді

Дата: 13 декабря 2017 в 00:52

Өткен аптада  облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу салаларының жұмыстарымен танысу үшін Темір ауданында іссапармен болды.

Облыс әкімінің орынбасары бірінші кезекте аудан орталығындағы əлеуметтік нысандарды аралап көрді.  Оның ішінде негізінен Шұбарқұдық кентінің әлеуметтік нысандарға жылу беретін орталықтандырылған жылыту қазандығының жұмысымен танысты. Жаңадан ашылған «Ардақ» сауда үйіне барды. Бұл сауда үйі аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтиды. Мұндағы баға кенттің өзге азық-түлік сататын дүкендеріне қарағанда арзан.

Сол күні Серік Төленбергенов ауданның тұрғындарын қабылдады. Қабылдау кезінде өңірде сауықтыру орталығын ашу, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй, ауызсу мəселелері сөз болды.

 Г.ЕСЕНЖОЛОВА,

Темір ауданы.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті