Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мәртөкте аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті

Дата: 16 октября 2017 в 05:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мәртөкте аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті

Мәртөк аудандық соты жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» атты Жолдауында сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы атап өтіп, қатысушыларды жаңа сот ғимаратының ашылуымен құттықтап және барлығына сот төрелігін жүргізуде табысты жұмыс тіледі.

Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай: «Аудандық соттың жаңа ғимаратының ашылуы сот қызметкерлерінің кәсіби түрде тиімді жұмыс істеуі үшін жақсы жағдай туғызады, ал ең бастысы, құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін аудан тұрғындары үшін қолайлы», —  деп атап көрсетті.

Жалпы көлемі 900 шаршы метр ғимараттың құрылысы қазіргі заманғы өлшемдерге сәйкес келеді.

Сот жүйесінің ардагерлері сот ғимаратының ашылу рәсімінің лентасын қиды.

Ғимаратта күту залы, мәжіліс залы, бейнебайланыс пен кешенді жарақтандырылған 2 мәжіліс залы, медиация және психологиялық жеңілдету, прокурорлар мен адвокаттар кабинеттері, мұрағат және т.б. орналасқан. Сот ғимараты интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Сотқа шағымданатын азаматтар үшін де барлық жағдайлар жасалған.

Мысалы, сотқа жүгінетін адамдар күзет бекетінен өтпей-ақ қажетті ақпаратарды дереу ала алады немесе тікелей сот кеңсесіне өтініш береді,  бұл сот ғимаратындағы адамдардың қозғалысын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, азаматтардың онлайн режимінде сотқа түскен құжаттарды іздеуге, іс бойынша барлық іс жүргізу әрекеттері туралы ақпаратты алуға, құжаттарды сканерлеуге және басып шығаруға мүмкіндіктері бар.

Ғимараттың кіреберісінде электронды түрде қарауға болатын сот қызметі туралы қажетті электронды ақпараттар мен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған.

Тақтайшаларда судья әдебінің кодексі, «Медиация туралы» заң, сондай-ақ сотқа өтініш беру үшін қажетті құжаттардың үлгілері бар.

Ғимарат тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерімен және үздіксіз қызмет етуі үшін бірыңғай бақылауға қол жеткізу жүйесіне, үздіксіз және кепілді кешенді электрмен жабдықтауға біріктірілген.

Сонымен қатар,  автокөлік тұрақтары, жүргіншілер жолы, орындық-арбамен қозғалатын мүгедектердің ғимаратқа кіруіне қолжетімділігін қамтамасыз ететін пандустар орнатылған.

Салтанатты шараға қатысушылар ғимараттың алдында жаңа көшеттер отырғызды.

Н.ДАБЫЛОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті